Питер Друкерден үш кеңес

Oinet.kz 23-07-2019 934

Screenshot_1.jpg

 Адамзат шеруін жіті зерттеп, әдеби жәдігерлердің құныға зерделеп,  музыка мен  философияның жан-жақты байыптаған Друкер – арғы-бергі тарихта ұтысқа шығарған тағлымды шешімдер мен сыннан өткен басқару жорасын жаңа заман талаптарына бейімдей алған бірден-бір данышпан. Сол себептен де оның әрбір кеңесі салмақты, мән-мағыналы. 

 1. Өзіңізді басқарып үйреніңіз. 

 Басшы, менеджер болсаңыз, қолыңыздағы ең үлкен ресурс - өзіңіз. Өзіңіз өспесеңіз, ғұзырыңыздағы құрылым да дамып, өркендемейді. Есіңізде болсын, елдің немесе компанияның болашағы – даму деген сөзге кеп тіреледі. 

 Мен карьерамда талай компанияның бизнес кешуін зерттедім. Сондағы байқағаным, асқақтап тұрған асқаралы бизнестердің ортақолды фирмалардың айырымы – алдыңғыларды өздерінің басымдықтарын жақсы білетін, өздерін тәртіпке келтіре алатын жетелі жандар басқарған. Арнайы күш жұмсап, әрекет етпейінше адам қай салада дамитынын дөп басып айта алмайды. 

 Жақсы менеджмент – жақсы өнегеге негізделген, менеджмент. Сондықтан, қандай да бір жетістіке жеткен фирмаға қарасаңыз, артында бір не одан ары үш ғана адамның тұрғанын көресіз. 

 2. Уақытыңызды көбіне компания сыртында өткізіңіз.

 Қат-қабат проблемалардың шырмауында кетіп, біржола тұйыұталып қалмауыңыз үшін оқтын-оқтын шығынға шығып, өз компанияңызға сырт көзбен қарауды үйреніңіз. Дегенмен, сіздің тауарды жұрттың бәрі сатып алмайтыны анық. Ары кетсе, 1/3 ғана. Қалғаны басқа тауарға қызығады. Неге олай?  Ізденіңіз. 

3. Компанияңыздың  басымдылығын біліңіз.

 Сіздің тауарыңыздың төлемін басқа емес, клиент береді. Енді ойланып қараңыз, бұл клиент неліктен сіздің тауарыңызды сатыр алады. Артықшылық неде? Мысалы, шалғайдағы шағын ел – Ирландиядан шыққан атаулы компания Британиядағы сендвич бизнесінің 60 пайызының иелік етіп отыр. Қалайша деп ойларсыз? Бұл компания тізгінін ұстаған билікті басшы марқайып, офисте отырмайды, аптаның екі күнін қарамағындағы бір дүкенде өткізіп, күн атысымен батқанша дамылсыз жұмыс жасайды. Тапсырысты құр дайындап қоймай, тұтынушының көлігіне дейін апарып, бүткіл процесті қадағалайды. Клиент өзіне не керегін, не үшін ақша төлейтінін біледі және міндетті түрде қайта келеді.   

Әлемді өзгерткен әйелдер
Эмпатияңыз қандай деңгейде?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу