Адам – жұмбаққа толы дене

Oinet.kz 12-07-2019 990

Screenshot_15.jpg

Ғалымдар әлі күнге дейін адам денесін толық зерттеп болмаған. Адам ағзасы жайлы бізге мәлім деректер мынадай: Ересек адамның денесі октиллион атомнан тұрады;

Денеміздегі қан тамырлардың қосындысы 96 мың шақырымды құрайды. Бұл ұзындық жерді үш рет айналуға жетеді; Адамның миы минутына 1000 сөз оқи алады; Адамның миы компьютер болғанында секундына 38 катриллион операция жасай алар еді. Біздің ең озық деген компьютеріміз мұның 1 пайызын да орындай алмайды; Қол немесе аяқтың тырнағы түбінен бастап толығымен өсу үшін жарты жыл уақыт өтеді; Адам өмір бойы орташа 18 келі тері төгеді;  Әр адамның өзіне тән иісі болады. (Тек егіздер ғана бірдей иісті болуы мүмкін.); Адамның бойы таңертеңгісін оянғанда түнде жатар кездегімен салыстырған шамамен 1 см ұзын болады. Мұның себебі омыртқа арасының түнде босаңсып, түрегеп жүргенде жиырылуында; Адамның ДНК-сының жартысы бананның ДНК-сына ұқсас келеді; Адам денесі әр секундта 25 миллион жаңа жасуша өндіреді; Адам өмір бойы 25 мың литр түкірік бөледі; Ащы ішектің ұзындығы адамның бойынан төрт есе ұзын;  Денеміздің әр сантиметр квадратында 32 миллионға жуық бактерия өмір сүреді; Мұрнымыз 50 мың түрлі иісті ажырата алады.

Смокингті темекі тарту үшін киген
Зебраны қолға үйрету мүмкін бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу