Психологиялық тест: «Көліктің бірін таңдаңыз!»
№1 көлік. Сіз сөзіңізде тұратын нағыз азаматсыз. Егер сіз біреуге уәде берген болсаңыз міндетті түрде орындайсыз. Бұл сіздің нағыз ер азамат екендігіңіздің көрінісі. Алдағы уақытта маңызды шешім күтіп тұр. Бұл шешімді шығармас бұрын, жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз. Демек, жан-жақты ойлануыңызға тура келіп тұр. Сіз нақты сөйлейтін адамсыз. Өзгелерден де осыны күтесіз.
№2 көлік. Сіз өте байқампаз, күш-жігерлі және сабырлы адамсыз. Тіпті қиын жағдайға тап болғанның өзінде түсіністік танытуға және дұрыс шешім шығаруға тырысасыз. Сондай-ақ өмірге деген сүйіспеншілігіңіз ерекше: әрбір күннің жарқын тұстарын көре білесіз!
№3 көлік. Сіз жаңашыл адамсыз. Ойыңыз ерекше идеяларға толы: күтпеген жерден адамдарға кез келген мәселенің оңай жолын табуға көмектесіп, өз пікіріңізді білдіресіз. Әрбір адамға жәрдем бергісі келетін, ерекше әлемде, үйлесімділікпен өмір сүресіз!
№4 көлік. Сіз көшбасшылық қасиетке иесіз. Белсенді өмірлік ұстаным және тез пайымдау сізді кез-келген ортада ерекшелеп тұрады. Сіз адамдарды біріктіруді және оларға ортақ мүдделерді табудың жолын білесіз. Сіз «жоқ» деп айтудан қорықпайсыз және маңызды мәселелерде өз ұстанымыңызды білдіресіз.
№5 көлік. Сіз өтірік айтқанды және жаңылыстырғанды ұнатпайсыз. Әр затты, нәрсені өз атымен атағанды ұнатасыз. Тік мінезділігіңіз бар. Бірақ, адамдарды ренжітіп алмас үшін, жылы-жылы сөйлей де аласыз.