Психологиялық тест: Қай жануарды бірінші көрдіңіз?
Психологиялық тест адамның мінезін толығымен аша алатын ең ұтымды тәсіл. Сіз мына бейнеленген суретте бірінші қай жануарды көріп тұрсыз? Сол арқылы өз мінезіңізді біле аласыз.
Мысық
Айтып айтпай не керек. Сіз – жалқаусыз. Сіз үшін аптаның басы аптаның соңына деген сағыныштан басталады. Ұйқыны ұнатасыз. Алайда адамдар сізге жиі бауыр басып қалады. Сондықтан жұмыста не болмаса басқа мекемеде сізге бәрі үне кешіріммен қарап, еркелетіп жүруге тырысады.
Ит
Сіз өзіңізге өте сенімдісіз. Осы орайда сізге үнемі қолдау көрсетіп жүретін достарыңыз бен жақындарыңыздың алатын орны ерекше. Алдыға қойған мақсатыңызға жету үшін барлығын жасағанды ұнатасыз. Ешкімнің көңілін қалдырғыңыз келмейді. Алайда адамдардың жоспарлары жиі өзгереді. Сондықтан мәселені шешу барысында қызуқандылыққа салына бермеңіз.
Арыстан
Сіз биіктіктен қарағанды ұнатасыз. Ең қызығы сізге игі ниетпен жақсы сөздерді жиі айтады. Бірақ сізді көре алмайтындар да жетерлік. Оған көбіне өзіңіз кінәлісіз. Сеебі көбінен асқақ тұрғанды кеуделенгенді әдетке айналдырғансыз. Сондықтан өзіңізді тәрбиелеңіз. Бәрінен биік екеніңізді білсеңіз де, олармен тең сөлесуді үйреніңіз.
Тұлпар
Сіздің алдыға басуыңызға белгісіз адамдар кедергі келтіруде. Сіз мұны сезесіз. Жұмысыңызда немесе сүйіктіңізбен қатынаста белгілі бір мәселелер бар. Өзіңізге ауа жетпейтіндей әсердесіз. Бірақ қол қусырып отырмаңыз. Мәселенің шешімін іздеген адам табады. Мұндай сәттердің арты үнемі жақсылыққа бастайды.
Аққу
Сіз- ғашықсыз. Сондықтан сіз үнемі көеріңкі көңіл күйде жүресіз. Жалпақ тілге салғанда сіз – ортаның гүлісіз. Есіңізде болсын сіз секілді көңілді адамдардың арқасында әлем бояуын өзгертіп келеді. Әлемді сұлулық емес, әлемді мейірім құтқарады.
Пингвин
Сіз шынымен пингвинді көрдіңіз бе? Тағы байқап қараңыз. Тағы тұр ма? Ендеше сіздің қиялыңыз керемет жұмыс жасайды деген сөз. Себебі, бұл жерде пингвин жоқ.