Алексей Цой кім?
Күні кеше еліміздің денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған Алексей Цой жайлы деректерді сіздермен бөлісеміз.
Отбасылық жағдайы
Алексей Владимирұлы Цой 1977 жылы 2 сәуір күні Шымкент қаласында дүниеге келген. Ұлты – Корей.
Әкесі - Цой Владимир Апексеевич, зейнеткер, мемлекеттік қызметкер болған. Анасы - Цой Алла Николаевна, Астана қаласында ІІД емханасының басшысы.
Отбасын құрған, жұбайы - Цой Жанна 1979 жылы дүние келген, Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма басшысының орынбасары. Қазіргі таңда 2 ұлды тәрбиелеп отырған ардақты ата-ана.
Еңбек жолы
• Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина институтының «Емдеу жұмысы» факультетін (2001), дәрігер;
• «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес Институтының заң факультетін (2007) бітірген, заңгер.
• 2001 жылдан 2007 жылға дейін - ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің «Ұлттық медициналық орталық» РМП дәрігер хирург-эндоскописті.
• 2002 жылдан 2004 жылға дейін - «GlaxoSmithKline» фармацевтикалык компанияның Астана қ. аймағында дамуының менеджері.
• 2007 жылдың қыркүйек айынан - қалпына келтіру хирургиясы мен трансплантология Орталығының аға ғылыми қызметкері, Ішкі медицина Орталығының жетекші ғылыми қызметкері, ҚР Президентінің іс Басқармасының «Заманауи медициналық технологияларды өндіру Орталығы» РМП басшысы.
• 2010 жылдың сәуір айынан бері - «ҚР Президентінің іс Басқармасы медициналық орталығы» MM басшысы.