Психологиялық тест: «Суреттен бірінші не байқадыңыз?!»
1. Кесіртке.
Сіз өткір ақыл мен мықты түйсікке ие өте мұқият адамсыз. Үнемі даму үстінде жүргенді ұнатасыз. Жаңа дүниелерді тез меңгеріп, өз мамандығыңызды дамытуды қолға алып жатырсыз. Сіз үшін тривиалды ештеңе жоқ. Өте көп жұмыс істейсіз. Қоғамдық ортада өзіңізді еркін ұстайсыз. Бос уақытыңызды өзіңізді жетілдіруге және пайдалы іске жұмсағанды жөн көресіз.
2. Құрбақа.
Суреттен бірінші болып құрбақаны байқағандарды аса мұқият деп айтуға болмайды. Сіз қызуқандысыз, ойыңызды бірден айта саласыз. Кез келген мәселенің көзге түсіп тұрған жақтарын байқап, әрі қарай зерттемегенді жөн санайсыз. Бұл сіздің ылғи асығыс болуыңызға байланысты. Болашақта асықпай, мәселенің мән-жайын түсініп алып, шешім жасауға үйреніңіз.
3. Көбелек.
Бұл суреттен көбелекті байқай алатындар аз. Егер сіз бірден суреттен көбелекті байқаған болсаңыз, өзіңізді ерекше тұлға деп санай беріңіз. Сіз басқаларға қарағанда ұсақ-түйектердің барлығын байқайсыз. Шығармашылыққа жақын, рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятын жансыз.