Бас тарту қажет кешкі әдеттер
Статистика бойынша 27 % адамдар түнгі ұйқы бойынша мәселеге тап болады екен. Мүмкін, тіптен көп адамдар. Мамандар мұның себебі денсаулықтан бөлек күнделікті кешке жасайтын әдеттер де болуы мүмкін дейді.
Режимді бұзатын әдеттер өте көп. Әсіресе, техника қарыштап дамып тұрған шақта. Біз өзіміз ұйқымыздың бұзылуына әкеп соқтыратын әдеттер арқылы мықты денсаулығымызды да құртатынын байқамаймыз. Ал, ендеше бұл қандай әдеттер?
Көп сусын ішу
Аздаған мөлшерде түнде су ішсеңіз зиян емес. Алайда, су немесе шәйді мөлшерден тыс көп ішу өзімізде мазасыздық тудыруы мүмкін. Дәретханаға жиі бару, бет пен көздің айналасының ісуі сынды жағымсыз салдарға ұрындырары сөзсіз.
Темекі шегу
Кофеин ғана емес, никотин де ағзаға стимуляциялық әсер етеді. Жүректің соғуы, жоғары қан қысымы және ми қызметінің нашарлауы темекі шегудің нәтижесі болып табылады. Әрине, барлық осы жағымсыз процестер адамның демалуына мүмкіндік бермейді. Мең-зең болып оянып, темекі шеккісі келіп тұрады. Әрі статистиканың мәліметі бойынша, көптеген темекі шегетін адамдар ұйқысыздық ауруымен ауыратын көрінеді. Бірақ сіз бұл әдеттен бас тарта алмасаңыз, онда ұйықтардан алдын 1,5-2 сағат бұрын темекі шегіп, одан соң шекпеуге тырысыңыз. Бұл әдет сіздің ұйқыңыздың тыныш әрі жақсы болуын қамтамасыз етеді.
Ұялы телефонды пайдалану
Өкінішке орай, қазіргі заманда телефон, планшет, компьютерсіз өмір сүру мүмкін емес. Алайда осы электронды құралдарды ұйықтар алдын қолдануды кеңес бермейміз. Бұл көзіміздің көруіне ғана емес, жалпы денсаулығымызға пайдалы әдет болып саналады. Әрі телефонды жатығымыздың астына емес, 1,5-2 метр арыға қойып қойған дұрыс болады.
Ыстық душ қабылдау
Көптеген адамдар ұйықтар алдын шомылып немесе ыстық душ қабылдап жатсақ ұйқымыз тыныш болып, демаламыз деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Ыстық су қан айналымын дұрыстап, ақыр соңында ұйқысыздыққа алып келеді. Оның үстіне 10 минутқа созылған ыстық душ адамның табиғи май қабатын шайып тастайды. Осыдан тері барлық тітіркену мен бөрітпелердің пайда болуына бейім келеді.
Кейбір дәрілерді ішу
Дәрігерлер түнде тек ұйықтатын дәрі ішуді ғана кеңес береді. Ал басқа дәрілерді таңертең ішкен дұрыс. Егер сіз үнемі дәрі ішуіңіз қажет болса, онда дәрігермен ақылдасып ыңғайлы уақыт жасаған дұрыс.
Уайымдау
Эмоцианалды көңіл-күйде адам ұйқысының бұзылуына алып келеді. Біреумен болған реніш, кикілжің немесе басқа да мәселелерді ұйықтар алдын ойланып, шешу дұрыс емес. 1-2 сағат алдын бұл мәселелерді шешкен дұрыс.
Тамақтану
Дерек: түнде тамақ қалыпты қорытылмайды. Он екі елі ішек ұйқы кезінде де тыныштық күйінде болады. Бірақ асқазан оны тамақпен толтыра отырып, жұмысын жалғастыруда. Осының нәтижесінде ол созылып кетеді, асқазан сөлі таңертеңге дейін ішекте болатын тамақ массасына әрең енеді. Нәтижесінде - асқазан-ішек жолындағы ауырлық пен ыңғайсыздық, сонымен қатар ұйқының мазасыздығы пайда болады.