Жаңа жылды ауырмай қарсы алғыңыз келсе...

Oinet.kz 11-03-2020 947

Screenshot_32.jpg     

Жаңа жылдық мерекесінің дастарханы молшылыққа толы болады. Әйелдер бұл күні қолынан келер астың бәрін пісіріп, тәттілерді үйіп-төгеді. Ас адамның арқауы дейміз. Алайда аурудың астан да келетінін ұмытпауымыз керек. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 31 желтоқсан мен 1 қаңтар күндері адамдар асқазан ауруына екі есе көп шалдығады екен. Расымен де бұл күні қыз-келіншектер ұстап жүрген диетасын ұмытып, еркектер болса бір апталық азығын бірден жейтін әдеті бар. Соңынан ас қорыта алмау және тағамнан уланушылық жағдайы күрт өседі. Осы ретте дәрігерлер мереке күні дұрыс тамақтану мен асқазан жұмысын ретке келтірудің барқатар әдістерін ұсынады.   

- Мерекеге дейін екі-үш күн алдын диета ұстауға тырысыңыз. Жеңіл-желпі салаттар мен көкөністерді, калориясы аз тағамдарды жеңіз. Яғни асқазаныңыз тазалануы керек.

- 31 желтоқсан күні таңғы асты міндетті түрде ішіңіз. Себебі кешке дейін мерекеге дайындық деп ары-бері шапқылайтыныңыз анық. Қанша қолыңыз тимесе де түнгі сағат 12-ге дейін аш жүрудің қажеті жоқ. Әр төрт сағат сайын  тамақты аз-аздан ішіп жүріңіз. Себебі мереке басталғанда қарныңыз тым қатты ашып тұрмауы керек. Мұндай жағдайда сіз бірден тамақтанған соң асқазаныңыз ауырып қалады да, одан кейін асқа қарауға шамаңыз келмей қалады.   

- Егер асқазаныңыз бұрыннан ауыратын болса ашқарынға аққайнарды мүлдем ішпеңіз. Себебі мұның соңы асқазан қыжылының, гастрит пен ойық жараның ұстамасына алып келеді.  Сондай-ақ аққайнардың құрамындағы қант пен көмірқышқыл газы диабет, қан-тамырлары ауруымен шардап шегетіндер үшін өте зиян

- Дәрігерлер жаңа жылдық дастарханның басты сәні «Оливье» салатын «қан тамырлардың ажалы» деп атайды екен. Себебі оның құрамында ет, шұжық, майонез секілді калориясы көп тағамдар кездеседі. Мүмкін болса жаңа жылды «Оливьесіз» өткізіңіз немесе құрамын жеңіл тағамдарға ауыстырыңыз. 

- Алкогольдің бір тәулікте ерлер үшін дозасы 60 мл ал, әйелдер үшін 30 мл-дан аспаған жөн. Спиртті ішімдікті тәтті кондитерлік өнімдермен бірге қабылдауға болмайды. Себебі биохимиялық процесс кезінде алькоголь мен қант бір-бірімен бәсекелес болады. Нәтижесінде қант  жеңіп, спиртті ішімдіктің тарқауы қиындай түседі. Егер тез масайып қалғыңыз келмесе ащы судан ұрттап алмас бұрын өсімдік майы қосылған салат немесе балықтың уылдырығын жеңіз. Картоп, нан, ашытылған қырыққабат та алгокольдің күшін әлсіретуге септігін тигізеді. 

- Алдыңызға тәтті тағамын ұсынған үй иесін ренжіткіңіз келмесе асты аз-аздап және жәй жеңіз. Сонда құда да, құдағи да тыныш болады. 

- Ең бастысы қуырылған ет секілді майлы, ауыр тағамды көп жеуден аулақ болыңыз. 

- Тамақтанған соң жата қалмай, ары-бері жүріп, көп қимылдау қажет. Мәселен баспалдақтан екі-үш рет түсіп шықсаңыз, жеткілікті. 

- Егер сағат тілі он екіге жетпей ұйқы қысса, эспрессо ішіңіз. Ол сізді біраз уақытша сергітеді. 

- Мерекеден қалған тамақты ертеңгісін жемеңіз. Әсіресе түрлі қоспасы бар салатты. Бүлінген астан уланып қалуыңыз мүмкін. 

- Жаңа жылдың алғашқы күнінде денеңізді ала алмай шаршап тұрсаңыз, теңіз тұзы қосылған ванна қабылдаңыз.  Бұл күні әсіресе жүрек , асқазан, бауыр, жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратын адамдардың сақ болып, ойланып тамақ жегені дұрыс. 

Ұялы байланыс антенналары қауіпті ме?
Мереке талғайтын аурулар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу