Мереке талғайтын аурулар
Әлем елдеріне ортақ мереке жаңа жылда әр адам қуаншыты сәттердің көп болғанын қалайды. Дегенмен мейрам қарсаңында түрлі оқыс оқиғалардың орын алып жататыны бар. Дәрігерлердің айтуынша бұл мезетте бірқатар аурулар өршіп, өлім-жітім көбейе түседі екен.
Жағымсыз рейтингтің басын жүрек талмасы бастап тұр. Ғалымдардың зерттеуі бойынша адамдардың жүрегі көп жағдайда 1,2-ші қаңтар күні тоқтай екен. Тіпті ақ халаттылардың арасында «жаңа жылдық жүрек талмасы», «рождестволық тәждік ауру» (рождественская коронарная болезнь) деген терминдер қалыптасып кеткен. Мұның себебін оқымыстылар жаңа жылдың эмоционалды стресске толы екендігімен байланыстырып отыр. Мейрам қарсаңында адамдар көп еңбек етіп, көп уайымдайды. Және де тамақты талғамай жеп, ішімдікті шамадан көп ішеді. Мұның бәрі айналып келгенде жүрекке салмақ түсіреді. Сондай-ақ жаңа жыл қыс уақытында тойланатын мереке екенін ұмытпау керек. Суық мезгілде жүрекке қан апаратын қан тамырының қысылып қалуы жиі кездеседі.
Жаңа жылда адамға жабысатын тағы бір кесел депрессия. Ағылшын ғалымдарының зерттеуві бойынша жаңа жылда әсіресе ерлер өзін бақытсыз сезінеді екен. Статистика көрсеткендей мерекеден кейін өз-өзіне қол жұмсау факілері өте көп орын алады екен. Мейрам күндері қыс мезгілінің ең қараңғы күндеріне сәйкес келеді. Мәселен 22 желтоқсан ең ұзақ түн немесе ең қысқа күн болып саналады. Ғалымдар 31-ші желтоқсанды жағымды датаға қоспайды. Тәуліктің қараңғы уақытында адам миында нерв жүйесінің жұмысын баяулататын мелатонин гармоны көбейеді. Мелатонин көбейген жағдайда адамның көңіл-күйі құлазиды екен. Психологтар бұл жағдай суицидке жол ашады дейді. Ең көңілді саналатын мерекеде адамдардың депрессияның торына ілігуге сенгіштігі де әсер етеді екен. Кітап мен жарнамада көрсетілгендей жаңа жыл ертегідей күн деп ғажайыпты күтеді екенбіз. Бірақ.... Аяз ата біздің барлық тілегімізді орындап, қалаған сыйлығымызды әкеліп бермейді. Балалар түгілі бұл ащы шындыққа үлкендер де көндіге бермейді екен. Жылдың бас мерекесін тойлау үшін де әрине ақша керек. Қаражаттан қысылған адамның көңіл-күйі болмасы анық. Мерекелік күйзеліске ұшыраудың тағы бір себебі - жалғыздық. Сондықтан мамандар меркенідепсессиясыз, керемет көңіл күйде қарсы алу үшін мынадай кеңестер береді: күніңізді мүмкіндігінше жарық жерде өткізіңіз. Жақын адамдарыңыздан жұбаныш іздеп, оларды көбірек құшақтасаңыз мида көңілді көтеретін окситоцин – қуаныш гормоны көбейеді. Жаңа жылдан ғажайыпты күтпеңіз. Оны ерекше ететін өзіңіз. Ақшаңызды үнемдеңіз. Мәселен жақындарыңызға сыйлықты өз қолыңызбен жасаңыз. Егер өзіңізді нашар сезініп тұрсаңыз дереу дәрігерге қаралыңыз.