Ұялы байланыс антенналары қауіпті ме?

Oinet.kz 11-03-2020 774

Screenshot_31.jpg

Ұялы байланыс антенналары санитарлық аумақ сақталмай орнатылған жағдайда адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл туралы Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

Көпқабатты үйлер шатырларына ұялы байланыс антенналарының орнатылуына қатысты елорда тұрғындарының шағымдары көп. Байғабыловтың айтуынша, осыған байланысты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Kcell, ALTEL, Beeline және басқа да ұялы байланыс операторларының құрылғыларынан электромагниттік сәулелердің бөлінуіне үнемі мониторинг жүргізіп келеді. 

– Мұның соңы бас ауруы, жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларына және гормоналды өзгерістерге де әкеп соғуы ықтимал. Балабақша, мектеп және интернат ғимараттарына антенналарды орналастыруға рұқсат берілмейді. Ал тұрғын үй және әкімшілік ғимараттардың шатырларына 100 Вт-тан астам қуаты бар таратушы антенналарды орналастыруға тыйым салынған. Өткен жылы елорда тұрғындарынан ұялы байланыс компанияларының антенналарының жұмысына қатысты 6 өтініш келіп түсті. Тексеру нәтижесінде ұялы байланыстың 17 антеннасы алынып тасталды, – дейді Сәдуақас Байғабылов. 

Департамент таратқан мәліметте көрсетілгендей, 2018 жылы ұялы байланыстың таратушы құрылғыларынан бөлінген электромагниттік сәулелерге 1557 өлшем жүргізілген.  Олардың барлығында да нормадан ауытқушылық  анықталмаған. 

«Дегенмен, электромагниттік сәуле таратудың рұқсат етілген деңгейі асырылған және рұқсат құжаттарының жоқтығы расталған жағдайда әкімшілік айыппұл салу және азаматтардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жабдықты алып тастау бойынша шаралар қабылданатын болады», - делінген ведомство ақпаратында.

Өз аяғын тігіп берді
Жаңа жылды ауырмай қарсы алғыңыз келсе...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу