Адам өмірі 10 пайыз суға тәуелді
Адам ағзасының 65-70 пайызы судан тұрады. Су ағзамыздың жұмысын реттеп отырады. Бұлшық ет, тері, сүйек, бұзылған тіндердің қалыпқа келуі, гормондардың синтезделуі, ферменттер, медиаторлар, бәрі де суды қажет етеді.
Адам денсаулығы жақсы болуы үшін күніне екі литр су ішу керектігі дәлелденген. Бұл салмағы 65-70 келі аралықтағы адам үшін жарамды. Егер сіз бұдан да ірі болсаңыз, онда күн сайынғы ішетін су мөлшерін есептеп шығыңыз. Әрбір килограмм үшін 30 грамм судан қосылып отырады. Егер дене салмағының 1 пайызына тең су жоғалтқанда, адамда шөлдеу сезімі пайда болады. Бұл көрсеткіш 5 пайыздан асса, талып қалуы, ал 10 пайыздан асса, өліп де мүмкін.