Рентген көздер
Украиналық Юлия Воробьеваның көзі рентген аппараты дерсіз. Ол мұндай қасиетке оқыс оқиғадан кейін ие болыпты. Ол кранда жұмыс істеп жүрген кезде байқамай электр желілеріне тиіп кетіп 380 вольттық қысымды ток соғып , қаза тапты деп моргқа апарып тастапты.
Екі күннен соң зерттеу жасау үшін хирург денесін пышақпен кесе бергенде, Юлия есін жиған екен. Содан соң біраз уақыт есін жия алмай, кейін адамдардың мүшелерін, сүйектерін киімнің сыртынан анық көре бастапты. Ал сырқаттарды анықтауда дәрігерлердің айтуларынша Юлия бірде – бір рет жаңылмапты.