Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Ер мен әйелдің ағзалары мен мінез-құлықтары екі әлем деуге болады. Мамандардың айтуынша әйелдердің жүрегі ер адамдардың жүрегіне қарағанда 20 пайызға кіші. Ал миы ерлердің миына қарағанда 10 пайызға кіші. Дегенмен, нәзік жандылар ерлерге қарағанда бір күнде 3 есе көп сөз айтады.
Көп сөйлеу әйелдердің миындағы рахаттану орталығының жұмысына байланысты екен. Сондықтан әйел адамның көп сөйлеуі – қалыпты жағдай. Сондай-ақ әйелдер әңгімелесуші адамын ер кісіге қарағанда мұқият және ұзақ тыңдай алады.