Үндістанда өлім-жітім неге көп?
Ән мен бидің отаны және кино түсірерде алдына жан салмайтын Үндістан халық саны жөнінен өткен жылы Қытайды басып озған еді. Миллиардер мемлекетте соған қарамастан өлім-жітім өте көп. Үнді елінде адамдар көбіне жол апатында көз жұмады.
Үндістандағы жол көлік қозғалысы өте қауіпті. Әсіресе қалаларда. Көліктер, мотоцикл, жануарлар мен велосипедтің арасынан өту үшін талант керек дерсің. Адамдар көлік апатында, автобустардағы адамның көптігінен тұншығып көз жұмып жатады. Білікті дәрігерлердің жоқтығынан жүкті әйелдер мен сәбилердің өлімі де көп. Сонымен қатар, аталған елде әлі күнге дейін жарына адал болмаған әйелдерді өлтіреді екен.