Ең сирек қан – IV топ

Oinet.kz 16-01-2020 2399

Әртүрлі адамдардың қандарын араластыру кезінде қанның ұйығанын бақылай отырып, Карл Ландштейнер 1901 жылы қан тобын ашты. Кейінірек оларды A, B және 0 (нөл) деп топтастырды. Осы жүйеге сәйкес төрт қант тобы пайда болды: 0 (I), А (II), В (III) және АВ (IV). Кейбір қан топтары өте сирек кездеседі немесе белгілі этникалық топтарда ғана болады екен. 

Screenshot_6.jpg

Бірінші топ әлем бойынша ең таралған түрі – халықтың 45 пайызға жуығы осы топ иегерлері. Екінші қан тобы еуропалық арасында жақсы таралған, дүниежүзілік халықтың 35 пайызы осы топтың иегері. Үшінші топ адамдардың 13 пайызында, ал төртінші топ 7 пайызында кездеседі. Қанның төртінші тобы (AB) ең жас болып есептеледі және кейбір деректер бойынша үнді еуропалықтар мен монғолдардың араласу нәтижесінде пайда болған. 

Қан топтары адамның бірегей ерекшелігі болып есептелмейді. Мысалы, иттерде ол онға жақын. Қан тобы ашылмай тұрып, дәрігерлер адам мен жануарлар арасында қан құюға тәжірибе жасаған. 1667 жылдың желтоқсанында дәрігер Жан-Батист Дени психикалық аурудан емдеу мақсатында адамға бұзау қанын құйған. Қан құюдың екінші процедурасынан кейін науқас құсып, бүйректері ауыра бастап, несебі қара түске боялды. Үшінші қан құюдан кейін ол адам қайтыс болды. Дени адам өлімі үшін айыпталды, науқастың уланғаны белгілі болды, бірақ науқастар қанмен емес күшәнмен уланғаны анықталып кейіннен ақталып шығады.

Неліктен адамның көздері мұздамайды?
Әйелдердің жүрегі еркектердікіне қарағанда қанша пайызға кіші?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу