Әлемдегі ерекше стильдегі ғимараттар

Oinet.kz 10-02-2020 2328

Ерекше әсемдік адам жанын жадыратып, өзгеше әсер қалдырады. Таңдай қақтырады және сол орынға қайта баруға тәуелді етеді. Әлемдегі ерекше стильде салынған ғимараттар тізіміне көз салыңыз. Кім білсін, мүмкін сізде сол ерекшелікті ғаламтордан емес, өз көзіңізбен көріп, саяхаттап қайтарсыз. Әзірге, баратын орындарыңыз жайлы мәліметті қарай тұрыңыз. 

Grazy House, Вьетнам

b438f9a948d0b3a.jpg

«Crazy House» ертегілік мейманханасы - Далаттағы ең танымал туристік орындардың бірі. Мұнда бәрі ішкі және сыртқы жағынанда өте ақылсыз әрі түсініксіз етіп жасалынған. Тар өткелдің зертханалық лабиринттері, шатырларда өсетін саңырауқұлақтар, тірі өсімдіктер мен ерекше архитектурасы әлем жұртын өзіне таңдай қақтырады. Әсіресе, «Crazy House» балаларға ерекше  ұнайды.

Ерекше үйдің негізін қалаушы - вьетнамдық сәулетші Данг Виет Нга, мемлекеттік қызметкердің қызы. Ол сәулетшілік саласын Мәскеуде оқыған және оның салған үйін көрген вьетнамдықтар Ресейде үйлерді осылай салады деп тұжырым жасаған.

Ғимарат бір мезгілде мұражай және қонақ үй ретінде жұмыс істейді. Сіз мұражайдың ашылу уақытында ішкі көріністерді көру үшін кіре аласыз немес барлық архитектуралық ерекшеліктерді бағалап, шатасқан дәліздер бойымен адасып, бірнеше күн осында тұра аласыз. Crazy House-да жаңа үйленгендер үшін бөлек Honey Moon үйі бар.

Krzywy Domek, Польша

75a1765e16e47b6.jpg

Бұл үйдегі барлық нәрсе қисайған: терезелер, қабырғалар, шатыр, есіктер және тіпті кәрнездер мен су төгетін құбырлар. Бұл бір ерекше салынған ғимаратқа келгенде өзіңізді поляк жерінде емес, құдды қисық айналар патшалығына тап болғандай сезінесіз. Әсіресе, таңғажайып қисайған үй түнгі жарықпен таң қалдырады. Krzywy Domek ғимараты 2004 жылы пайда болды. Бұл ерекше жобаның авторлары - поляк сәулетшілері Залевски және Шотинский. Сену қиын, бірақ үйдің құрылысы кезінде қарапайым материалдар пайдаланылды: құмтас, шыны, металл. Ғимарат ішінде сауда орталықтары мен дүкендер, мейрамханалар мен кофеханалар, сонымен қатар әйгілі адамдар қолтаңбаларын қалдыратын орын бар. Антисметриялық стильге қарамастан бұл ғимарат қызықты ойыншықтар үйлері мен жанға жайлы шипажайымен қоршаған сәулет өнерімен үйлеседі.

Кубиктік үй, Нидерланды

31d10e444059981.jpg

Авангард жобасы қазіргі заманғы сәулет өнерін сүйетіндерге ұнайтыны сөзсіз. Роттердамдағы ерекше сары-сұр «кубик үйлердің» салынғанына 30 жыл болса да әлі күнге дейін қаланың басты туристер келетін орындарының бірі.

Жобаның авторы - голландиялық сәулетші Пит Блом. Негізінен оған көлік жолындағы көпірдің бос орнын толтыру тапсырылған болатын. Нәтижесінде осындай ерекше стильдегі тұрғын үй кешені пайда болды. Әуелгіде қарапайым халық тұрған болса, уақыт өте қымбат әрі беделді тұрғын үй кешеніне айналды. Ғимараттың сырт келбеті үлкен кубиктер биік тіреуіштерде тұрып, олардың үшеуі аспанға, ал үшеуі - жерге қарайтындай етіп бұрылған. Үйлер галереямен байланысқан. Туристер баспалдақ арқылы үйдің екінші деңгейіне көтеріле алады, онда серуендеуге арналған жолақтар бар. Әр кубик - үш деңгейден тұратын жеке пәтер. Егер сіз кубикті үйдің ішіндегі өмір сүру кеңістігінің қалай реттелгенін білгіңіз келсе, олардың бірінде ашылған мұражайға баруыңыз керек.

Ferrari  әлемі, БАӘ

ae8a576bb1342e9.jpg

2010 жылы Абу-Дабиде әлем жұртшылығының назарын аударатын нысан пайда болды. Бұл бірегей үлкен ғимарат, оның астында Халықаралық Ferrari автомобиль корпорациясы құрған ең үлкен ойын-сауық орталығы орналасқан. Нысанның негізгі дизайн элементі - аумағы 200 мың шаршы метрден асатын қызыл шатыр, шатыры үш жапырақша түрінде жасалған және әйгілі Ferrari GT моделінің дизайнын қайталайды. Әлемдегі ең үлкен, ұзындығы 65 м болатын Ferrari логотипі төбесіне орнатылған. Ғимарат ішінде көптеген қызықты нәрселер бар - тақырыптық саябақ, әлемдегі ең жылдам адамға адреналин беретін  Formula Rossa (оның жылдамдығы 240 км / сағ) аттракционы, тренажер, картриттер, Ferrari брендінің өнімдері бар дүкендер, кафелер мен мейрамханалар, тіпті Италияға арқылы ұшуға ыңғайластырылған әуе жолдары да бар. 

Гуггенхайма мұражайы, Испания

4e76499e425a6fe.jpg

Нью-Йорктегі әйгілі заманауи өнер мұражайының Испаниядағы филалы Бильбао қаласында орналасқан. Бұл ғимарат қазіргі заманғы сәулеттің нағыз шедеврі болып табылады. Жобаның авторы - канадалық сәулетші Фрэнк Гери. Танымал деконструктивизм шебері, ол бұл жобаны өзінің сүйікті стилінде жасады.

Мұражай ғимараты үлкен лайнерге немесе шалғайдағы ғарыш кемесіне ұқсайды. Ғимарат балық қабыршағына ұқсас титан тақталарымен көмкерілген. Сіз ғимараттан бірде-бір дұрыс бұрыш таба алмайсыз. Американдық мүсінші Луиза Буржуа жасаған үлкен болат паук және американдық дизайнер Джефф Коундардың гүлдерінен жасалған үлкен күшік мүсіні мұражайға келушілерді қарсы алады. 

Лотос ғибадатханасы, Индия

3603d64b4dca17f.jpg

Лотос – Үндістан халқы  үшін қасиетті өсімдік. Делидегі Бахаи дінінің ғибадатханасы лотостың контурын дәл қайталайды, тек бірнеше рет үлкейген. Лотос храмы 27 алып жапырақшадан тұрады. Ғибадатханаға кез-келген дінге және діни көзқарастарға ие адам кіре алады. Ғибадатхана ішінен ешқандайда әшекейлер мен мүсіндерді көре алмайсыз. Ғибадатхананың іші таза, Жаратушыға шынайы дұға жасаушылар үшін ешқандайда ойды бөлетін артық заттар жоқ. Ғибадатхананы 1986 жылы сәулетші Фариборз Сахба салған, ол бахаи дінін уағыздайтын жан болған (бұл бағытты ұстанушылар барлық діндердің бірлігін жақтайды). Сиднейдегі әйгілі опера үйі сәулетші үшін ғибадатхананы құруға шабыт берген. Ғибадатхананы көгілдір суы бар жапырақ секілді тоғыз бассейн қоршайды. Ғибадатханаға қараған адам енді гүлдейін деп жатқан лотостың бейнесін көреді.

Хабитат 67, Канада

892e3e4f5840b5a.jpg

Монреальдағы кубик тәрізді үйлерден құралған брутализм стильнде салынған тұрғын үй кешені. Құрылысы 1967 жыл басталған, бірақ жоба әлі күнге дейін өзекті нысан болып көрінеді. Бұл тұрғын үй кешенінің авторы - жас сәулетші Моше Сафди.

Әуелгіде бір-бірінің үстінде тұрған бірдей сұр кубик тәрізді үйлер қорқынышты болып көрінгенімен, алайда жақындаған сайын сіз бұл өте ыңғайлы және жақсы ойластырылған тұрғын үй екенін түсінесіз. Кешендегі әр пәтер - бұл өз аумағы бар толыққанды үй, жеке кіре беріс және төмендегі көрші текшенің төбесінде орналасқан шағын жеке бақ. Ірі мегаполистерден шаршаған адамдар  үшін кеңістіктегі үйлесімді және экологиялық таза тұрғын үй кешені демалуға арналған таптырмас орын екені анық. 

Кунстхаус, Австрия

f6deffefe68f9d2.jpg

«Достықты сүйетін өзге ғаламшарлық» - бұл Австрияның Грац қаласының тұрғындары алыстағы галактикадан ұшып келе жатқан бөтен кемеге ұқсас жұмбақ нысанды осылай атайды. Сыртқы пішіні үлкен қара көк жылтыр көпіршікке немесе жоғарыда таңғажайып сорғыш терезелері бар амебаға ұқсас түсініксіз тіршілік иесіне ұқсайтын бұл ғимарат әлем жұртын өзіне қарата білді. Бұл ғимаратта қазіргі заманғы өнер мұражайы орналасқан. Ғимаратты жобасын Лондон сәулетшілері Колин Фурниер мен Питер Кук жасаған. Бұл сәулет өнері айналадағы тарихи ғимараттардан, ескі үйлердің шатырларынан өзгеше. Авторлардың пікірінше, бұл жоба - өткен мен болашақ, дәстүрлі сәулет пен авангард арасындағы көпір іспеттес. Ғимараттың қасбеті көк реңді акрил шыныдан жасалған (барлығы 1066 жаяужол), ішіне күндізгі жарықты лампалар орнатылған. Кешке мұнда интерактивті шоу ұйымдастырылып, ғимараттың қасбеті түрлі хабарламалар мен кескіндерді тарататын үлкен экранға айналады.

Гейдар Алиев орталығы, Әзербайджан

8f2ed595ac05c6c.jpg

Баку қаласында салынғаннан бұл ғимарат әлі күнге дейін туристердің баратын негізгі нысандарының бірі. 2007 жылы салынған нысанның авторы әйгілі британ-ирактық сәулетші Заха Хадид. 2014 жылы Баку қаласындағы Гейдар Алиев атындағы орталық жылдың үздік ғимараты деп танылып, «Жыл дизайны» сыйлығымен марапатталды.  Қаланың басты доминанттары болып табылатын ғимарат пішіні ерекше стильде. Біреулер мұны белдемшесі желден көтерілген Мэрилин Монро десе, ал біреуі алып Whatman кітабының мыжылған бөлігіне теңесе, ал біреулер жобаның негізі ретінде Гейдар Алиевтің қолы алынды деп мәлімдейді. Ғимарат ішінде көрме залы, Гейдар Алиев мұражайы, елдің ең әйгілі көрікті жерлерінің миниатюралары бар «Мини Әзірбайжан» көрмесі, конгресс орталығы бар. 

Piano House, Қытай

c540748e55a4f1f.jpg

Қытайдың Хуайнань қаласындағы ерекше музыкалық үй екі бөліктен тұрады, дәлірек айтқанда, екі музыкалық аспап - скрипка мен фортепиано. Сыртқы пішіні толықтай мөлдір. Мұндай ерекше жоба тек қиялында шек жоқ жас таланттардың ойына оралатыны белгілі. Авторлары - технология университетінің Сәулет факультетінің студенттері. Piano House 2007 жылы салынған, ғимараттың пропорциялары 1: 50 масштабында жасалған музыкалық аспаптарды толығымен қамтиды. Скрипкада эскалатор, фортепианода көрме кешені орналасқан. Мөлдір және тоналды шыны қасбеттермен жылтыратылған ғимарат ішіндегі жарықтың максималды мөлшерін қамтамасыз етеді. Түнде ғимарат контур бойымен неон түтіктерімен жарықтандырылып, әсерлі әрі ерекше көрініс береді. 

Третичное курение: невидимый вред
Психологиялық тест: Туа біткен қасиетіңіз қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу