Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Шаштаразда қиылған шаштарыңызды ондағылар не істейді деп ойлайсыз? Бәлкім қоқысқа тастайтын шығар. Ал Тайвандық шаштаразшы әйел осындай шаштарды жинап, одан аяқ жасап, табыс көзіне айналдырып алған. Әртүрлі сайыстардан жеңіске ие болған 54 жастағы шаштараз әйел бағын етік жасаумен сынап көрген екен. Адамның шашын пайдаланып биік өкшелі аяқ киім жасаған. Бұдан өзге Цай Шию-инг осы материалдан мүсіндер мен сәндік бұйымдар жасауда.
«Өз басым биік өкшелі аяқ киімдерді жақсы көремін. Оларды кие алмасам да, өзгелердің ерекше түрін киіп жүргендерін қалаймын», - деп түсіндіреді Цай. Бір жұп аяқ киімді жасау үшін бір ай уақыты кеткен. Оған барлығы үш адамның шашы қажет болды. Цайдың айтуынша, шаш беруге достары мен көршілері келісімін берген. Қазіргі таңда Цай Шию-инг адам шашынан көйлектер құрастыруды ойлап жүр. Коллекция жинаушылардан ұсыныс түскеніне қарамастан, өзінің бірейгей туындыларының мұндай мақсатта сатылмайтындығын айтуда.