Отыз үш жылда бір рет болып тұратын құбылыс
Жылнамашылардың бірі 1202 жылы таң сәріде төбеден жаңбырша жауған жұлдыздар ағынын көріп таң қалады. Бірақ бұны біреуге айтып сендіре алмайды. Уақыт өтек келе бұл құбылыс Новоград қаласында, 1933 жылы Еуропа мен Африкада қайталанған. Бұл көріністерді алғашында адамдар түсіне алмаған. «Ғаламшарда бізге белгісіз апаттар болып жатыр» деген болжам жасаған.
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда ғарышта жұлдыздар мен планеталардан басқа көптеген ұсақ аспан денелері кездеседі. Ғарыштиа ұшып жүрген мұндай денелерді метеорлар деп аталады. Олардың көбі Күн жүйесі шеңберінде әр түрлі бағытта жылжиды, кейбіреулерінің секундына ондаған километр жылдамдықпен біздің планетамыздың атмосферасына келіп енеді. Мұнда олар ауамен үйкелісіп, лапылдап жанады да, жерге жарық түсіреді. Алайда метеорлардың дені әуеде күйреп, ұсақ тозаңға айналады. Арыстан шоқжұлдызы орналасқан аспан кеңістігінде жұлдыздардың жаңбырша жаууы ауық-ауық болып тұратын құбылыс екені ерте заманнан-ақ байқалған. Ол әрбір отыз үш жылда қайталанып тұрады. Соңғы рет 1966 жылғы қарашада болған.
1958 жылдың 14 сәуір күні Кариб теңізіндегі Барбадос аралының тұрғындары әуеден «жұлдыздардың жаңбырын» тамашалаған. Бұл 1957 жылы 3 қарашада КСРО-ның ғарышқа ұшырған Жердің екінші жасанды серігінің қалдықтары болатын. Негізінде «жұлдыз жаңбыры» жер бетіне жетпейді. Оның микробөлшектері ауада толық жанып кетеді. Дегенмен әлем ғажайыпқа толы. Бәрі де болуы мүмкін...