Махатма Ганди әйелінің өліміне себепші болған

Oinet.kz 20-11-2019 1214

Кейде науқастанып қалсақ дәрігерге көрінбей үйде халық емін жүргізетініміз бар. Әсіресе, жасы келген ата-әжелеріміз халық медицинасын берік ұстанады. Бірақ дәстүрлі ем-шара әрдайым жақсы нәтиже бере бермейді, керісінше жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Бүкіл үнді халқы бас иетін Махатма Гандидің де басынан осындай жағдай өткен. 1944 жылы 72 жастағы Гандидің әйелі Кастурба пневмониямен ауырып қалады. 

Screenshot_1.jpg

Оның алдында бірнеше рет инфарктке ұшыраған әйелдің халі нашар еді. Кастурбаның ұлы анасын замануи медицина тәсілі пеницилинмен емдеуге кіріскен кезде әкесі оған қарсы шығады. Дәстүрді берік ұстанатын Ганди жұбайын қасиетті Ганг өзенінің суына шомылдырады. Бірнеше күн өткеннен кейін жары қайтыс болады.  «Жұбайымның өліміне себепші болдым» деген ой ел көсемін  жегідей жейді. Қазадан кейін Гандидің өзі де безгекпен ауырып қалады. Қателікке екінші бой алдыртпаған ол дәрі-дәрмек қабылдап, жазылып кетіпті. 

Қояндар неге тез көбейеді?
I Петр - стоматолог
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу