Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Әлемде спорт ойындарының көптеген түрі бар. Олардың ішінде көпшілікке беймәлімдеулері қаншама. Солардың бірі – бадминтон. О баста шығыс елдерінде пайда болған. Ал оны бір ағылшын герцогы Үндістанға барып қайтқан сапарында Европаға алып келген. Герцогтың иелігі Бадминтон қаласына таяу жерде болған. Сол себепті де ойын бадминтон аталып кеткен.
Бадминтон теннис ойынына ұқсас болып келеді. Бұл да тегіс, жазық алаңда ойналады. Бадминтон ракеткасы теннистікінен 2-3 есе жеңіл болады. Қарсыластар арасын 155 см биіктікке керілген тор бөліп тұрады. Ойнаған кезде қарсыластар воланды бір-біріне әуелете соғады да, жерге түсірмеуге тырысады. Бір қарағанда воллейбол ойынына ұқсас. Ойын 3 не 5 партиядан тұрады, есеп 15 ұпай алғанға дейін созылады. Бадминтонды кез келген алаңқайда, көгалда, жағажайда ойнауға болады.