Жер ғаламшары туралы қызықты деректер

Oinet.kz 26-03-2020 44424

Жер ғаламшары.jpg

Шын мәнісінде жер өз осінде 23 сағат, 56- минут, 4- секундта айналып шығады. Бір таң қаларлығы, ол осы уақыттан бір минут асып кетпей немесе кешігіп қалмай миллиондаған жылдар бойы айналып жүр. Ал, адам өзіне ыңғайлы болуы үшін бір тәулікті 24- сағат деп есептеп алған. Ал, сол 23- сағат, 56- минут пен 4- секундтан артылған уақыт 4- жылда жиналып. оған бір тәулік қосылады. Ол 29- ақпан. Тәулікке 4- жылда бір күн қосылып, оның 366 күн болу жылын кібісе жылы деп атайды.

Жер үнемі батыстан шығысқа қарай айналады. Алайда, жердің күнді айналуы 365 күнде түрлі градусқа еңкею процесімен өтеді. Айналу уақыты шашамен секундына 29 765 шақырым. Бірақ, жер бетіндегі адам қойған жоғары, төмен, оңтүстік, солтүстік секілді өлшемдер бізге ғана тән. Ал, жерден тысқары ғарышта қай жақтың биік, қай жақтың төмен екенін білмеуіңіз де мүмкін. Себебі, онда жердің өзі бір нүкте болып қалады.

Қазірге дейін 559- адам жердің барлық ауа қабаттарын тесіп өтіп, орбита маңында болған. Олардың ішінде 12- астронавт ай бетіне қонды. Ғарышқа 60 жылда 40 000 түрлі аппараттар ұшырылды. Ал, адам ешқандай киімнің көмегінсіз 19- шақырым биікке дейін ғана шыдауы мүмкін. Ары қарай, арнайы скафандр болмаса бойыңыздағы қаныңыздың өзі қайнап кетуі мүмкін...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

46 жастағы Джон Кеннеди мен 16 жасар Билл Клинтонның алғашқы фотосы
Детройт қаласы - автоконцерн орталығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу