«Ана» тақырыбындағы 5 үздік фильм
Ана образы бейнеленген әрбір фильм жүрек төрінен орын алып, көзге еріксіз жас әкеледі. Кино-туындыларды сараптай келе, ең үздік «Ана» тақырыбындағы 5 фильмді анықтадық. Олар:
«Елена» 2011 жыл.
Режиссер: Андрей Звягинцев
Басты кейіпкердегі Елена өмірінің шиеленісуі, ауруханада қамқорлық жасаған азаматқа тұрмысқа шығуынан басталады. Күйеуі оған, көңіл бөлмей, қызметші секілді қарайды. Фильм барысы, Еленаның азапқа толы өмірі, қисынсыз өмірімен жалғасады.
«Алиса мұнда тұрмайды» («Алиса здесь больше не живет») 1974 жыл
Режиссер: Мартин Скорсезе
Фильм жалғыз басты ана жайында. Дүрбелеңге толы өмірден шаршаған Алиса, ұлын алып Америкаға көшіп кетеді.
«Анашым» 2014 жыл
Режиссер: Ксавье Долан
Психологиялық ауытқушылығы бар бала тәрбиелеп отырған аналарға әсер ететін фильм.
«Өгей шеше» 1998 жыл
Режиссер: Крис Коламбус
Фильм туғаны және өгей шеше арпалысын суреттейді.
«Бөлме» 2015 жыл
Режиссер: Ленни Абрахамсан
Бес жасар баласымен жертөледе тұратын Джон өмірі жайлы фильм.