Аутосуггестия деген не?
Өзін-өзі иландыру (аутосуггестия) - тұлғаның өзін-өзі басқару тәсілдерінің бірі. Спорттық педагогикада; психотерапияда; шет тілдерін оқытуда; өзін-өзі тәрбиелеуде кеңінен қолданылады.
Эмиль Куэ қазіргі заманғы өзін-өзі иландыру теориясының әкесі деп танылады. Ол бірінші болып емделуіне сенетін адамдар тез әрі жеңіл емделіп, дәрі-дәрмек оларға жақсы көмектескенін дәлелдеген.
Өзін-өзі иландыру жақсы нәтижелермен бірге, жаман нәтижелерге де алып келеді. Мәселен, адам өзін өмірінің жаман тұстарына байлап, өз санасына өзі бақытсыз ойларды алып келеді де, нәтижесінде өзін-өзі иландыру, аутосуггестия орын алады.