Түнде жұмыс денсаулыққа қауіпті

Oinet.kz 11-10-2019 1190

тунде жумыс истеу.jpg

АҚШ сарапшылар 24 жыл бойы түрлі жастағы 189 мың әйелдің денсаулық жағдайын зерттепті. Олардың барлығы түнгі ауысымда кезектесіп жұмыс істейді. Әйелдер мұндай тәртіппен қаншалықты ұзақ өмір сүрсе, жүрек-қан тамырлар ауруы қаупі соншалықты жоғары болатындығы анықталған. Басқа зерттеу үш түнгі ауысымнан соң гендегі ақуыз синтезінің процесі бұзылатындығы көрінді. Ол барлық ағзаның жұмысын баяулатады.

Адам – күндізгі тіршілік иесі, оның ішкі биологиялық сағаты тәулік уақытына бағытталған.  Түнде ағзада ұйқы гормоны мелатонин бөлінеді: ол иммунитетті көтереді және жасушаларды қартаюдан қорғайды. Инсулин деңгейі де жоғарылайды, бұл гармон аштық сезіміне жауап береді. Сондықтан біз түнде ұйықтамасақ, қарнымыз ашады. Сондай-ақ, түнде ұйықтамау кезінде күйзеліс гармоны кортизол мөлшері көбейеді. Яғни, ағза үнемі күйзелісте болады. Осылай ұзақ жұмыс істеудің себебінен жара, қант диабеті, депрессия және тіпті, сүт безі рагы қаупі жоғарылай түседі екен.

Ең көне медициналық оқулық
Фрейд неден қорыққан?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу