Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
12 жастағы қытайлық қыз Ксю Пингуйге қарап күлкіңіз келе береді. Өйткені оның өзі тоқтаусыз күле береді. Шаттанғаннан емес, байғұс балақайдың кеселі осындай.
Ата-анасының айтуынша Ксюге 8 айлығында суық тигізіп, асқындырып алған. Кішкентай пациенттің күлкі синдромы осы кезден басталыпты. Батпандап кірген дерттің кесірінен қыз 2 жасындай сөйлей алмай қалады. Мүлдем емес, ол сөйлейді тек күлкісімен араласып кетеді де, түсініксіз тілге айналып шыға келеді. Оның айтқанын тек жақындары ғана түсінеді. Дәрігерлер инфекциялық ауру оның миына зақым келтіргенін, сондықтан «ең көңілді» адамға айналғанын айтуда.