Ашығудың ағзаға пайдасы

Oinet.kz 16-07-2019 3323

гол2.jpg

Ашығудың организмге пайдасы мен емдік тұстары көп екені медицинада дәлелденген. Пайдасы қандай? Қандай жағдайда ашыққан дұрыс? 

Ашығу медициналық тұрғыдан тамақтан ерікті түрде бас тарту. Ашығу арқылы көптеген әйелдер ағзасына келетін май мен углеводтарды шектегісі келеді. Денсаулыққа деген пайдасын былай қойғанда, организміңіздегі жылдар бойы жинаған пайдасыз қалдықтардан, кейде тіпті артық майдан, асқазаныңыздағы ауырлықтан арыласыз. Алайда, бәріміздің қолымыздан келеді ме екен? Статистикаға сенсек, әлемдегі әйелдердің 15%-ы ғана диета ұстай алады екен. Олай болса қанша пайызы тамақтан түбегейлі бас тарта алады екен? Иә, сіз тек сұйықтықпен күнелтуіңізге тура келеді. 

Қанша уақыт? Ашығу мерзімі ең көбі 7-21 күн аралығында орын алады. 

Ашығудың өзі екіге бөлінеді тамақтан бас тарту біріншісі болса, соңғысы түбегейлі бас тарту. Түбегейлі бас тарту деп отырғанымыз сұйықтықтан да, тамақтан да бір уақытта бас тарту. Бірақ бұл типтегі ашығу небәрі Бірақ бұл типтегі ашығу небәрі 3  күнге ғана созылуы қажет және үй жағдайында емес. 

Ашығудың пайдасы мен зияны.

Аштықтың организмге ықпалы әрқилы. Егер де ашығуды дәрігермен кеңесіп немесе онлайн консультациядан соң жасасаңыз, немесе расымен де ағзаңызды тазарту мақсатында құптасаңыз сізді тек пайдалы тұстарымен қуантады. Ал, организміңізге экзекуция ұйымдастырып, аштық жарияласаңыз, сіз ағзаңызды шынайы қауіп-қатерге тігесіз.

Ескертерлік жайт. Мұндай ашығу кезінде көңіл-күйіңізді нормада ұстауыңыз, басқа өзіңізге қызықты істермен айналысқаныңыз абзал.

Кейбір адамдарға ашығу мүлде қауіпті. Олар:онкологиялық аурулармен ауыратын, ашық түрдегі туберкулебен ауыратын, жүрек ауруына шалдыққан, бүйрек, бауыр ауруларымен ауыратын және ішкі органдарын ауыстырған науқастар.

Уақытылы тамақтанбаған және ашыққан жағдайда, әрине, организмге қайтарар жауабы болады. Өйткені адам ашыққанда иммунитеті төмендеп, микроптар мен бактериялардың шабуылына тап болады. Астан ұзақ уақытқа бас тарту қандағы гемоглобинді төмендетіп, анемияға алып келуі ғажап емес. Сол үшін де мұдай ашығу кезеңінде дәрігер сізге емдік шайлар мен витаминдер ұсынады.

Ашығу процесі біткеннен соң қалыпты тамақтануға біртіндеп өткен жөн. 

Мадина Ермаханбетова: «Медициналық сауаттылық—науқасқа да, ақ халаттыларға да тиімді»
Күтпеген бас ауруының себептері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу