Күтпеген бас ауруының себептері

Oinet.kz 16-07-2019 1070

1d2dfa5227faa5f73e4e4c735df50d7b.jpg

Жұмыста немесе жиналыста отырғандағы бас ауруы табиғи және қалыпты құбылыс. Тек, демалыста жүргенде, концертте, тойда жүргендегі бас ауырғандық бізді біраз әбігерге салары, қолайсыздық тудырары анық. Қатты ыстық, жарық, шараптың бас ауруын туғызатынын бәріміз де білеміз. Дегенмен, кейде басымыз түсініксіз, беймәлім себептермен де мазалап жатады. оның себебі неде болуы мүмкін?

Тұрып қалған ірімшік.

Олардың неліктен бас сақинасын ұстататаны белгісіз, тек, ірімшіктің арасындағы тирамин қоспасы бас ауруының тиггері болуы әбден мүмкін. 

Саяхат және уақыт белдемшесінің ауысуы да бірден-бір себеп.

Саяхаттау кезіндегі бас ауруы әбден мазаны қашырары анық. Жұмыстан босап, енді сергимін деп жүргендегі сырқат, сырқаттардың сырқаты шығар. Мұның себебі уақыт белдемшесіндегі өзгеріс. Ол елдің климаты да ағзаңызға қолайсыз не үйреншіксіз болуы мүмкін. Әсіресе аталған ауру бірінші күндері байқалуы мүмкін. Мұндай кезеңде әлсіздікті жоятын дәрументер мен тәттінің маңызы зор. 

Әлеуметтік өмір.

Әлеуметтік желілерде отырып, уақыттың қалай сырғып өтіп кеткенін білмей қалған кездер бәріміздің де басымыздан өтті. Мұндай уақытта біз түскілік, кешкілік астан, уақытылы ағза қажет ететін судың өзінен бас тартып, қан құрамындағы глюкоза төмендеп, басымыз дабыл қағып жатады.

Ауа-райындағы қолайсыздықтар.

Ыстық не суық күндерде де бас ауруының пайыздық өлшемі өте жоғары. Қатты ыстық күндердегі бас ауру кезінде жүрек айнып, шаршаңқылық та байқалып жатады. Күн құбылған кезде атмосфераның ауа қысымы өзгеріп бүкіл тірі тіршілікке залалын береді. 

Горманалды бала бітуіне қарсы дәрілер

Дәріні орынсыз қабылдау бас ауруын туғызатын бірден-бір фактор. Жоғарыда аталған дәріні қабылдау сіздің денсаулығыңызға едәуір зиянын тигізеді. Себебі құрамында эстрогенді төмендететін компонеттер кездеседі.

Ашығудың ағзаға пайдасы
Сүндет Рахымбердиев: «Қан жаңарып тұрмаса түрлі ауруларға себеп болады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу