Аурухана күрделі жөндеуден өтіп, дәрігерлердің жалақысы өсті

Oinet.kz 01-12-2021 824

Адам – әлемдегі ең басты ресурс. Адам – қозғаушы күш. Сондықтан да адам денсаулығы ең басты байлық. Денсаулық сақтау саласында Кентау қалалық орталық ауруханасының биыл жеткен жетістіктері аз емес. Әлемді шарпыған індетпен күресте аталған аурухана зор рөл атқарды. Түркістан облысының ұзақ уақыт бойы жасыл аймақтан шықпауына кентаулықтар өз үлесін аянбай қосты. Бүгінде күрделі жөндеуден өткен аурухана ғимараты 1984 жылы пайдалануға берілген. А және А1 корпустарынан және қосымша асхана, мәйітхана, көліктерге арналған ғимарат, кір жуу бөлімі, оттегі беру ғимараты, кіші қазандық қосалқы ғимараттары орналасқан. Жалпы алаңы 9595,33 шаршы метрді құрайды. А корпусына 2005 жылы және А1 корпусына 2009 жылдары күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 

Screenshot_1.jpg

Гүлбану Сыздықова

Ауруханың бас дәрігергі Гүлбану Сыздықованың айтуынша, биыл «Авто Рем Строй ЛТД» ЖШС құрылыс компаниясы биыл наурыз айында №99 келісім шарт негізінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Кентау орталық қалалық ауруханасы ауыз су, кәріз, жылу, электро энергиясы орталық жүйеге қосылған. Қосымша қажеттілік туындаған жағдайда автономды резевтік кіші қазандықтар орнатылған. Қуаттылығы 1200 кВт. Ауруханаға қосымша тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы дизельді элетр станциясы орнатылды. Қуаттылығы 206 кВт. Жалпы аурухананың пайдаланатын электр қуаттылығына сәйкес.

Еске сала кетейік, жергілікті бюджет есебінен 2018 жылдың шілде айында Optima 540 компьютерлік томографиясы 269 500 000 теңгеге сатып алынып орнатылды. GE Healthcare Japan Corporation өндірген компьютерлік томографияның денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі зор болды. Аталған аппараттың арқасында адамдар диагноздарын дөп басып біліп, тиісті ем-шаралар ала бастады.

2020 жылдың қазан айында меценат Бекболат Бекенов ауруханаға сый көрсетті. Ол мекемеге тәулігіне 240 дана оттегі балондарын өндіруге арналған «Машина для сжижения газов 60NM3/H» оттегі станциясы және Подстанция КТПН-400/6-0,4 кВа аппаратын алып берді. Аталған аппараттардың құны – 58 млн теңгеден асады. Қазіргі таңда аурухана мен қарасты бөлімшелердің қажеттілігіне қарай жұмыс жасап тұр.

2020 жылы елімізде белең алған індет салдарынан қажеттілік туындап Кентау орталық қалалық ауруханасы мен жұқпалы аурулар бөлімшесіне 13 500 000 теңге қаралып қосымша оттегі рампалары мен оттегіні ылғалдап беру нүктелері орнатылды. Қазіргі таңда Кентау орталық қалалық ауруханасында 104 оттегі беру нүктелері және 26 оттегі консентраторлары мен 2 дана оттегі беру рампасы және 1 дана оттегі толтыру станциясы орнатылған. Оттегі балондар саны 114 дананы құрайды. Оның ішінде 50 данасын 2021 жылдың тамыз айында Кентау қаласының әкімшілігі алып берген, 28 данасын Алматы қаласында орналасқан Қайырымдылық қорының филиялы алып берген.

Биыл аурухана қызметкерлерінің жалақасы өсті. Жалақыны көтеруге 395 059 408 теңге қаралған. Ал медициналық көмекке – 373 142 342 теңге қарастырылған. 

Ауруханада барлығы 518 медицина қызметкері жұмыс атқарады. Оның ішінде 58 дәрігер: жоғары дәрежелі -21, бірінші дәрежелі-14, екінші дәрежелі -1.

265 орта буын медицина қызметкері, соның ішінде жоғары дәрежелі -131, бірінші дәрежелі-27, екінші дәрежелі -3. 130 кіші буын медицина қызметкері Кентау қаласы тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

Аурухана дәрігерлері үнемі біліктілігін арттырып отырады. Мысалы 2021 жылы дәрігер реаниматолог Джумашев Е.И, Туреханова А.А, дәрігер травматолог Жумбеков А.Т АҚШ та біліктіліктерін арттырды.

Ал Түркия мемлекетінде Утебаев А.Б, Дуконбаева Г. Және Карибаева Г.А, Оразбаков Ж.Б тар біліктілігін арттырды.

Орталық ауруханасында білікті жоғары дәрежелі дәрігер хирург Оразбаков Жаңгірган Бимаханұлы 2001 жылдан бастап лазермен ота жасауды жақсы меңгерген.

Соңғы үлгідегі құралдармен оталар жасалады
Ота жасаудың хас шебері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу