Құтыру – қатерлі дерт!
Құтыру - вирустық ауру, адамдар мен жануарлардың орталық жүйке жүйесін зақымдайтын және өлімге әкеп соғатын қауіпті аурулардың бірі.
Қазіргі уақытта құтыру денсаулық саласында, сондай-ақ ветеринария саласында да басты мәселе болып қалуда. Оның эпидемиологиялық маңызы - даусыз өлімге әкеліп соқтыруымен, барлық жерде таралуымен, аурудың жануарлар арасындағы тікелей байланысымен, мемелекеттің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен және халық арасындағы антирабикалық көмек көрсетілуімен анықталады. Кейінгі жылдары дала тағыларының тым көбейіп кетуімен үй жануарлары арасында әсіресе жылқыға қырғидай тиюде бұл көріністер халық арасында эпидемологиялық жағдайды күрделендіруде.
Құтыру адамға үй және жабайы жануарлар, ет қоректілермен тығыз байланыста болуы нәтижесінде сілекеймен немесе тістегенде және жаралаған кезде (иттер, мысықтар, түлкілер, қасқырлар және басқалармен) жұғады.
Жануарлардың құтырмамен ауруының себептерi сан алуан, бiрақ ең басты назар аударатыны - жануарлардың iс-әрекеттерiнiң өзгеруi. Иттер жеуге жарамайтын тас, ағаш, әйнек сияқты заттарды шайнай бастайды. Жануарларда жағының асты салбырайды, сiлекей бөлуiнiң көбеюi басталады және олар адамдар мен жануарларға жүгiрiп, қатты тiстейдi.
Адамдар мен жануарлардың құтырмамен ауруы өлiмге әкеп соқтырады.
Иттер мен мысықтарды құтырмаға сәл ғана күмәндi себептер байқалса, ветеринарлық дәрiгерге қаралуды есте сақтау қажет. Күдікті жануарлардың иелерi өз бетiмен көмек көрсетуге жол бермеу қажет, өйткенi ол өте қауiптi.
Егер адамды жануарлар тiстеп алған жағдайда тез арада дәрiгерге қаралып, құтырмаға қарсы егу курсын жүргiзу мәселесiн шешу қажет. Кезекті екпелер 0 күннен 90-шы күн аралығында салынады 6 турдан тұрады. Қапқан ит белгілі болса, 10 күн ветеринариялық бақылаудан кейін анықтамамен 3 екпемен (дәрігерге көрінген күні антирабикалық вакцинаның 1-ші туры 0 күндігі, 3-ші күні 2-ші туры және 7-ші күні 3-ші туры салынады) тоқтатылады.
Уақытында жүргiзiлген егу ғана аурудың дамуынының алдын-алады. Бұл дамудың алдын алудағы ең бiрден-бiр құралы.
Егер де жануарлар тiстеп алған немесе зақымданған денеге сiлекейi жұққан жағдайда тез арада (жараны сабынды сумен шая отырып, шеттерін спиртпен және йод тұнбасымен өңделеді) жақын маңдағы медициналық мекемеге бару қажет. Ауру дамуының алдын алуға тек қана егу көмектеседi. Адамдарға құтыру ауруына қарсы екпелер тегін жасалады!
Өз денсаулықтарыңыз өздеріңіздің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыздар!
Қ.АКҚУЛИЕВ, Созақ аудандық ТКҚСҚББ
эпидемиологиялық қадағалау бөлім басшысы