Алкогольдан аулақ жүр

Oinet.kz 26-05-2020 852

Бір сәттік құлқынның қызығы үшін  көмейге қылғытатын арақтың басты қасіреті – адам денсаулығын күйретуі. Зерттеулер көрсеткендей, кең көлемде жүргізілген насихатқа қарамастан, жұрттың басым бөлігінің алкогольге тәуелділіктің қалыптасу заңдылықтары жөнінде нақты түсінігі болмай шыққан. Өкінішке орай, жұртшылықта «көпшілік орындарда алкогольді аздап, «мәдениетті» пайдалану маскүнемдік дертіне шалдықтырмайды, бұл өз мүмкіндігін және арақ іше білмейтін адамдардың үлесіндегі жағдай» деген жалған түсінік қалыптасқан.

201738.jpg

Алкогольдің өсер ұрпақ үшін зор зияны бар екендігі ертеден-ақ белгілі болған. Ерте ғасырдағы Рим заңдарында алкоголь ішімдіктерін 30 жасқа толмаған жастарға ішуге рұқсат берілмегендігі бекер емес. Себебі бұл уақытта жастардың дүниеге ұрпақ әкелу құбылысының қарқынды жүретін уақыты. Көне Грекияда да 18 жасқа дейінгілерге «ащы су» ішуге тосқауыл қойған. Ресейдегі ертеден келе жатқан құжаттарда жаңадан отау тіккен жастарға ішімдік ішуге тыйым салынған. Франция елінде арақ ішкіш ата-аналардан туған әлсіз балаларға арналған «жексенбі күнгі балалар» немесе «көңілді кештің баласы» деген кекесінді атау бар.

Спирт ерігіш болғандықтан ішкен кезде қанға тез сіңіп, ағзаға күшті әсер етеді. Ішімдіктің әсерінен адамның ықыласы кеміп, байқампаздығы тежеледі, қимыл үйлесімділігі бұзылып, мінез-құлқында әдепсіздік, желікпелік, дөрекілік пайда болады. Адамды ақылынан ғана ажыратып қоймайтын арақ асқазан жолының кілегейлі қабықшасын зақымдап, қарында, ұлтабар ұшында уытты жара, гастриттің туындауына әкеліп соғады. Миға сіңген спирт нерв клеткаларын уландырады, одан ойлау қабілеті бұзылып, рухани ауыр халге ұшырайды. Отбасындағы зорлық-зомбылық оқиғаларының үштен екісі және балалардағы қатігездіктің үштен бірі ата-аналардың маскүнемдігіне байланысты болып келеді екен. Бақытсыз жағдайлардың, адам өлтірудің, өзіне қол жұмсаудың 50 пайызы тікелей алкогольге тәуелділіктен туындайтыны да бесенеден белгілі.

Ұзақ уақыт араққа салынған адамның бауыры қалыптағыдан 14 есе артық жұмыс істейді, бауыр циррозы, бауыр қатерлі ісігі дамиды.

Алкоголь асқорыту мүшелерін қатты зақымдайды, асқазан жарасы, өңеш жарасы тәрізді дерттерге ұрындырады. Ішек қатерлі ісігі араққа салынғандар арасында басқалармен салыстырғанда үш есе көп кездеседі.

Ішкіліктің әсерінен зорлық-зомбылық, ұрлық, кісі өлтіру тәрізді қылмыстар орын алады, адам рухани күйзеліске ұшырайды. Көп ішкенде адамның көз алдына жын-шайтан елестейді.

Әрбір қылмыстық істің қозғалуы 80-90 пайыз арақ ішіп мас болған шақта жасалынады. Жанұяның берекесі кетеді, олар айырылып тынады. Мұндай жағдайларда балалар азап шегеді, ауыр салмақ балаларға түседі.

Маскүнем адам жұмыс істемейді. Істесе де немқұрайлы қызмет атқарады.

Қорытындылайтын болсақ бүгінгі күні біздің елімізде осы зиянды әдеттер  мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар.

Алкоголь – биологиялық у. Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады. Ақыл-есінен айырылған адамның өмірінің мәні де қалмайды.

С.ҚҰРАҚБАЙ,

Келес ауданы 

Иісіңіз жағымды болсын десеңіз...
Алтын мен күмісті бірге тақпаңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу