Күнге күю рак тудырады
Біріккен Ұлттар ұйымының қатерлі ісікті зерттейтін халықаралық агенттігі жақында маңызды зерттеудің қорытындысын жариялады. Агенттік мамандарының айтуынша күнге күю – обырды тудыратын бірінші себеп.
Күнге күю әсіресе отыз жасқа дейінгі адамдарға қауіпті екен. Себебі оларда күнге күйген кезде меланома екі есеге көбейіп кету қаупі басымырақ болады. Сондай-ақ, рак ауруын тудырушы екінші себеп күшәла (мышьяк).