Өзгенікі өзінікіндей бола алмады

Oinet.kz 05-02-2020 715

1998 жылдың 24 қыркүйегінде 8 дәрігерден құралған халықаралық топ Францияның Лион қаласында әлемде алғаш рет қолға трансплантация жасады. Жол апатынан көз жұмған ер адамның білегі 48 жастағы австралиялық Клинт Хэлламға тігілді.   

Screenshot_4.jpgДәрігерлер қолды пациенттің шынтақ буынынан 10 сантиметр төмен жалғады. Ота барысында хирургтар науқасқа көп мөлшерде қан құюға мәжбүр болды. Себебі екі қолды – тамыр, сіңір, сүйекті де жалғады. Бір сөзбен айтқанда мамандар ғажайып жасады. Алайда Клинт отадан кейін қажетті дәрілерді ішпегендіктен қолдары ісіп кетті. Осылайша оған бір қол үш рет тігілді. Хэллам бәрібір бөтен қолға үйренісе алмады. Шыдатпай ауыртқасын ол дәрігерлерден қолды алып тастауды сұранған. 2001 жылы дәрігерлер тігілген білекті кесті. 

Когда ребенок не хочет идти в школу
Бір тамшы қан тамызбай...
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу