Майтабандыққа не себеп?
Майтабандық – жастар үшін өзекті мәселеге айналды. Майтабан тез шаршайды. Ұзақ жолға шыдамайды. Ең қиыны – әскерге жарамсыз. Ел басына күн туса майтабандар Отанын қорғай алмайды.
Майтабан болу себептері қандай? Аустралиялық ғалымдар жүгіру кезінде арнайы спорттық аяқ киім табанға кері әсер етеді деген тоқтамға келді. Бұл туралы Journal of the Royal Society Interface журналында жазылды.
Квинсленд университетінің ғалымдары тәжірибеге қатысу үшін жеті қыз-келіншекті (орташа жасы 19) және тоғыз ер адамды (орташа жасы 24) шақырды. Олардың барлығы жүгірумен шұғылданған, бірақ кәсіби спортшы емес.
Қатысушылар тредмила бойынша теріге бекітілген қысымды, бұлшықеттердің электр-магниттік сигналдарын өлшейтін жабдықпен бір мәрте жалаңаяқ, екінші жолы спорттық аяқ киіммен жүгірді.
Кроссовки өкшесі 30 мм болғандықтан, оны киіп жүгіру табан ішкі бұлшықеттерінің белсенділігін арттырады, әрі мөлшерден тыс күш түсіреді.
Осылайша, спорттық аяқ киім 40 жыл жетілдіріліп келгеніне қарамастан табанның биомеханикасын бұзатыны анықталды.