Неміс мейірбикесінің украиндық әріптестеріне берген кеңесі

Oinet.kz 04-12-2019 1142

Германияның Бернбург қаласында өмір сүретін Линда Херцог атты мейірбике Берлин қабырғасы құлағанға дейінгі  кезеңде ГДР ауруханаларында дөрекілік, қызмет көрсетудің төмен деңгейі мен коррупция дендегенін айтады. Жалақы тым аз еді. ГДР мен ФРГ біріккен соң медицинада мүлдем басқа стандарттар орнап, қазіргі жағдай күрт өзгерді. 

Screenshot_21.jpg

Жуырда Линда Херцог Украинаға арнайы сапарымен келіп, бір ай бойы жергілікті әріптестерінің жұмысын бақылауға мүмкіндік алды. Нәтижесінде фрау Херцог украин медицинасында өзгерткісі келетін 10 жайтты ұсынды. 

1. Украиналық ауруханалардағы кушеткалар тым төмен орналасқан. Сол себепті ауруханалар мен емханалардағы мейірбикелер күні бойы жартылай бүгіліп жұмыс істеуге мәжбүр. Германиядағы кіші медперсонал тік тұрып жұмыс істейді, себебі кушетка арнайы пуль арқылы манипуляция жүргізуге ыңғайлы биіктікке  көтеріледі. Сол себепті неміс мейірбикелерінде бел аурулары сирек кездеседі. 

2. Пациенттерді кезекке жазып қабылдау жүйесі дұрыс құрылмаға. Мейірбике әр мәселе бойынша науқаспен байланысып тұруға мәжбүр. Бұл уақыттың бос шығыны. Жүйені  тіпті компьютерлендірусіз-ақ жетілдіруге болады..

3. Зәрдің клиникалық сараптамасы үшін Украинада алынған үлгілерді зертханаға жіберіп, нәтижелерін күтеді. Бірақ, қазір оны анықтау үшін зертхананың қажеті жоқ. Бар болғаны тестілік  кесінді жеткілікті. Кез-келген мейірбике оны контейнерге батырып, қажетті ақпараттың барлығын алуына болады. Қандағы қанттың құрамын бір сәтте анықтап беретін глюкометрлерге қатысты да осыны жасауға мүмкіндік бар. 

4. Шприцтерді жою кезінде украиналық мейірбикелер әуелі инені ажыратады екен. Бұл манипуляция перчаткамен жасалғанымен, бәрібір мейірбикенің гепатит немесе АИТВ жұқтыру қаупі сақталады. Германияда бұған мүлдем жол берілмейді. Пайдаланылған шприцті бірден арнайы герметикалық контейнерге тастап, жұмыс күні аяқталарда қоқыс өртейтін зауытқа жібереді. 

5. Науқастарға үйде күтім жасау қызметін жетілдіру қажет. Германияда үйде жатқан пациенттерге медициналық  қызмет көрсететін мекемелер бар. Олар ауруханаға қарамайтын, өз алдына бөлек фирмалар. Украинадағы мейірбикелер жеке бизнес ашып, осы бағытта жұмыс істеуіне толық мүмкіндік бар. Белгілі бір процедураларды  қабылдау үшін емханаға бармай, мейірбикені үйге шақырту кейбір науқастар үшін тиімді.  

6. Тәжірибе алмасу қажет. Мүмкіндік болса өзге елдердегі әріптестермен байланыс орнатып, ынтымақтасу керек. Медицина – бір ғана мемлекетпен шектеліп қалатын сала емес. Денсаулық сақтауда күн сайын жаңалықтар, жаңа тәсілдер мен әдістемелер енгізілуде. Соның барлығынан хабардар болып отыру қажет.  

Күзде қандай аурулар көбейеді?
Жүйке жүйесін тыныштандыру үшін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу