Балдың емдік қасиеті
Балды ескіден адамдар оның тәтті дәмі мен хош иісі, емдік қасиеті мен косметикалық құндылықтары үшін жақсы бағалаған. Тіпті кейбір заттарды сатып алу үшін балды бағалы зат санап, онымен бартер жасаған.
Балдың емдік қасиеттері оның химиялық құрамымен анықталады. Бұл өнімнің 75-80%-і көмірсулар (глюкоза, фруктоза, сахароза). Сонымен қатар, онда витаминдер (A, C, E, K және B тобының витаминдері), органикалық қышқылдар, ферменттер, минералды тұздар (темір, мыс, калий, натрий, магний, фосфор, йод, күкірт) және адам ағзасына пайдалы басқа да қосылыстар бар.
Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.
Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні қайнатып, қайнатпасына бал қосып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады.
Жылына 3-4 рет 2-айлық сауықтыру-профилактикалық "бал" курсын өткізуге болады: суда ерітілген бал тамақтан 1,5-2 сағат бұрын күніне 3 рет немесе тамақ ішкеннен кейін 3 сағаттан кейін қабылдайды. Бұл жағдайда тиісті доза ұсынылады (ересектерге шаққанда): таңертең 30-60 г, күндіз 40-60 г және кешке 30-60 г (тәулігіне 100-180 г).
Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қосып күніне екі рет ішсе қан қысымын төмендетеді.
Мәйітті бір мезгіл сақтауға тура келсе бүтін денесін балменен тегіс сылап қойса мәйіт тиісті уақытқа дейін бұзылмайды. Шипалық емге қажет мөлшері 10-20 гр-нан аспауы керек. Балдың құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза, өсімдік желімдері, белок, фермент, балауыз, бояу заты, хош иісті заттар, минералды тұздар және А, Д, Е витаминдері бар.
Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әр түрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі - бал жеу. Жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі. Моншада емен жапырақтарымен шабыну да жақсы ұйықтауға септігін тигізеді. Таза ауада көбірек жүру, күнделікті бір уақытта дағдылану да өз кезегінде ұйқының тұрақтылығына ықпал етеді. Ұйқысыздық әртүрлі жағдайларға байланысты болады. Қан аздықтан болатын ұйқысыздыққа ыстық су құйған жылытқышты аяққа басу керек. Бір жағдайларға мазасызданғаннан ұйқыңыз қашса, жатар алдында жылы сүт ішуге болады. Ал қан қысымы жоғары адамдарға ұйқысыздық пен бас ауруларынан арылу үшін арнаулы жастықтар бар.
Тек байқаңыздар, себебі балды шектен тыс пайдалану аллергиялық, дятездік ауруларға алып келуі мүмкін.