Қырыққабаттың ағзаға тигізер пайдасы қандай?
Қырыққабат дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру және сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған. Қырыққабат бірнеше сорттары бар. Қырыққабаттың ең үлкен пайдасы онда С дәруменінің мөлшері көптігінде. Оған қоса, қырыққабатта Е, В1, В2, В3, Р, РР, Н, каротин, D провитаминдері бар. Қырыққабаттың құрамында крахмал болмағандықтан және сахарозаның мөлшері аз болғандықтан, ол қант диабетімен ауыратын адамдар үшін пайдалы. Қырыққабаттың құрамында жасұнықтардың көптеп кездесуі себепті ол ішек қызмеін жақсартады. Сондықтан оны іш қату, геморрой кезінде пайдаланған тиімді.
Құрамындағы жасұнықтар себепті қырыққабат атеросклероздың алдын алып, ағзадан шлактар мен холестеринді шығарады. Қырыққабаттың құрамында U дәрумені бар. Бұл дәрумен асқазан-ішек жолдары жарасы, гастрит, ойық жаралы колитті емдеп, бауыр қызметін жақсартады. Қырыққабаттың құрамында ағзадағы зат алмасуына міндетті түрде керек К дәруменінің көп мөлшері бар. Ол жаралардың тез жазылуына, қанның жылдам ұюына, сүйек пен тістердің дұрыс қалыптасуына, бауыр қызметіне көмектеседі.
Ашыған қырыққабат (капуста) тәбетті, асқазанның сөл бөлуін күшейтеді, ас қорытуды жақсартады. Ашыған қырыққабатты ас қорыту жүйесінің бұзылуына (қыжылдау, құсу, кекіру, жүрек айну, ықылық ат) алдын алу үшін пайдаланылады. Ашыған қырыққабат семіруге, шыжыңдыққа да қарсы ем. Қырыққабат сөлі (бұзылмаған) асқазанның әлсіреуін, қарын, ұлтабар жарасын, өт қабының, бауырдың әртүрлі ауруларын, асқазан қабынуын, тоқ ішек жарасының қабынуын емдейді. Сары ауру мен көк бауыр ауруларына да қырыққабат сөлін ішу қажет.
Қырыққабат шырыны асқазан сөліндегі қышқылдың көбейген кезінде, қарын ауырғанда қолданылады. Сапа болғанда, ауыз қолдырап, қабынып ауырғанда қырыққабат сөлін сумен араластырып, ауызды, тамақты шаяды. Бас ауырғанда, буын сырқырағанда ауырған жерге қырыққабаттың жас жапырағын жапсырса, ауруды басады. Шырыны бауыр ауруына ем. Оны ішкеннен кейін аурудың жанға батқаны азайып, бауыр қалпына келеді. Қырыққабат шырынының құрамындағы күкірт пен хлор, йод асқазан мен ішектің шырышты қабығын тазартады. Ол ұлтабар жарасын да жазады. Бұл үшін қырыққабат шырынын 100 грамнан күніне 3 рет ішу қажет. Оған сәбіз шырынын қосып ішсе, әсері одан да жақсы. Бұл үшін 100 грамм қырыққабат шырынына 200-300 грамм сәбіз шырынын қосады.