Өріктің ағзаға пайдасы
Дәрігерлер әр жемісті өз мезгілінде жеуге кеңес береді.
Ардақты Пайғамбарымыз да : - «Жемістерді піскен кезінде жеңіздер! Өйткені, осы кезде ол адам денсаулығына пайдалы және қам-қайғыны жоюға көмектеседі. Егер оны мезгілі өткеннен кейін жесеңіздер, адам денесіне зиянды және ауру тудыру қаупі бар» деп айтып кеткен.
Қазір пісіп жатқан жемістердің бірі өрік. Өрік құрамында бірнеше дәрумендер мен минералдардың тобы бар.
- Өрік мидың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
- Бауырдың зақымдануын болдырмайды.
- Метаболизмді жақсартады
- Токсиндерді тазартады.
- Гемоглобин деңгейін арттырады
- Иммундық жүйені нығайтады
- Сүйектерді жетілдіреді
-Тістердің беріктігін арттырады.
- Бүйректе тас тұруының алдын алады.
- Рактың алдын алады.
- Жүректі қуаттандырады.
- Стресті азайтады.
- Құрамындағы С витамині суықтаудың алдын алады.
Құрамында қант көп болатындықтан қант диабетімен ауыратын адамдарға бұл жемісті тұтынуға болмайды. Жаңа піскен өріктер қышқылдығы жоғары гастритпен ауыратын адамдарға зиян болуы мүмкін, сонымен қатар бауыр, панкреатит, асқазан жарасы және ұлтабар аурулары кезінде өрікті тұтынуды біраз азайтқаны дұрыс.