Телефонмен байланысқанда қандай әрекеттерді жасауға болмайды?
Реал өмір мен виртуалды өмір қазірде тым жапсарлас. Өмірдегі мінезді онлайн режимде таныту тым күрделі іспетті. Дегенмен кей әрекеттерді онлайн сұхбаттасыңызға жасамағаныңыз абзал екенін бірге білейік!
Виртуал досыңызды құрметтеңіз
Рочестер технология институтының философия департаментінің профессоры Эван Селинджер TEDxFlourCity-де сөйлеген сөзінде былай деді: "Біз ақпаратпен байланыспаймыз. Біз адамдармен сөйлесеміз және олардың маңызын көрсетуге біраз уақыт жұмсаймыз. Адамдар бізге жауап бергенде, олар да құрметпен көрсетеді деп үміттенеміз".
Есіңізде болсын, әр адамның жеке кеңістігі бар. Әрі әдеп, мәртебе, құрмет туралы өзінше түсінікке ие. Барлығымызда өзімізді жаман сезінетін сәт болады. Немесе кей шаруаның аяқталуы үшін ашулы болуы ғажап емес. Құрмет танытып, түсініп, сабыр сақтаңыз. Сіз бос уақыт адамның бәрі бос деген сөз емес.
Логика мен түйсікті қолданыңыз
Қарапайым мәліметтер негізінде: жасы, жынысы, қызметі және отбасылық дерегіне сай мәміле жасауға тырысыңыз. Елу жасар адамға сөйлеген мен жиырма жасар адамға сөйлеген екі сфера.
Сұхбаттасушыңыздан ресми, еркін формада сұқбат жасағысы келетінін біліңіз.Сонда сіздің адреасатыңыз негатив пікірден тыс болады. Адаммен демалыс яки жұмыс күні, қай уақытта хабарласып жатқаныңыз аса маңызды. Түйсігіңіз бен логикаңыз сувинир емес! Оны қолдануға тырысыңыз. Қай адамға қашан хабарласуға болмайтынын ескеріңіз. Бір адамның құқығы басталған жерден екінші адамның құқығы бітеді.
Өміріңізді толық виртуал етпеңіз
Барлық жеке дерегіңізді әлеуметтік желіде жариялаудан сақ болыңыз. Өмір иіріміңіз мүлдем бөлек арнаға түсуі мүмкін. Сіздің есіміңізді жамылып, жақыныңыздан ақша сұрар хаккерлер болуы ғажап емес.
Біреуге ашулансаңыз, ашуыңызды тұсауға тырысыңыз. Бір сәттік ашуыңыз желіде желдей ескен ақпарға айналмасын. Қызметіңіз бен тұлғалық тұғырыңызды ақылсыз әрекетіңіз талқандамасын.
Facebook – тегі журналистік және мәдени кәсіби ортада жеке немесе сырттай таныс адамдар арасында өзекті тақырыптар бойынша жиі "жанжал" пайда болады . Өздері үшін зиян келтірместен, адамдар дау-дамайдан басын алып шығады. Пікір алмасқанда өзіңіздігін дұрыс, өзгенікір теріс санамаңыз. Өмірлік пікір әркімде бөлек. Дауласу – ешқашан мәселенің шешімі емес. Сондықтан одан іргеңізді аулақ етіңіз. Есіңізде болсын, басқа адам әрқашан сіздің жеке хабарламаларыңызды көпшілікке жариялай алады.
Қысқа әрі нұсқа
Басқа пайдаланушыларға ақпарат ағынын сүзгіден өткізіңіз. Сізге қызық дүние өзгелерге қызық деген сөз емес. Хабарламалар мен түсініктемелерге уақтылы жауап беріңіз. Адамдарды ренжітпеу үшін хабарлама келгеніне 24 сағат болғанға дейін жауап қайтарыңыз.
Маңызды жауарп алуыңыз керек болса, көп мазалағанның айыбы жоқ. Сізге ақпарат маңызды екенін қарсы тарап түсінеді.
Хабарлама мәтіні арқылы сізді таниды
Достарыңыз әрине әріптік қателіктеріңіз бен кемшілігіңізді кешіреді. Дегенмен, клиенттер мен жұмыс берушілер туралы олай айту мүмкін емес. Сіздің әріптік қателеріңіз қызметтік қатынаста қаншалық жауапкершілігіңіздің барына шкала болады. Сондықтан, тым болмаса жұмыс уақытында қате жазбаңыз!
Жеке және жұмыс парақшаңыз бөлек болсын
Шын мәнінде, бұл әмбебап кеңес емес. Көптеген адамдар жұмыс пен жеке өмірін ұштастырып парақша жүргізеді. Соңғы жылдарда әлеуметтік желідегі парақшада туындаған мәселе үшін жұмысынан шеттеген шенділер көп. Сіздің ұқыптылығыңыз виртуалды өмірде жеңілдік сыйлайды.
Суреттер ашық дереккөзден алынды