Ас үйдегі жағымсыз иістен қалай арыламыз?

Oinet.kz 30-03-2020 1335

Ас үй әйел адамның жеке «кеңсесі» екені бәрімізге анық. Өмірінің көп уақыт сол жерде өткізері сөзсіз. Сондықтанда әйел адам ас үйдің жайлы, ыңғайлы әрі таза болғанын қалайды. Әрине, ас үйде жағымсыз иіс болмауы қажет. Алайда, қоқыс салатын ыдыстан жағымсыз иіс шығып, бүкіл бөлменің ауруасын бұзатыны анық. Қоқыс салатын ыдыстан шығатын жағымсыз иістен арылу үшін кез келген хош иіс шығарушы құралды пайдаланса болады. Немесе ыдысқа ас содасын сеуіп қойса да пайдасын тигізеді. Негізі ас содасы кез келген жағымсыз иістен арылтады. 

zapah-na-kuhne-735x400.jpg

Ас үйдегі жағымсыз иіс кейбір өнімдердің шығуы мүмкін:

Пияз және сарымсақ

Сарымсақ қосылған тамақ пісірсеңіз ақжелкен (петрушка) қосыңыз. Сарымсақтың иісін азайта түседі. Ал егер сіз сарымсақ пен пияздың иісін ұнатпайтын болсаңыз, онда аршылған көкөністерді иісті сіңіріп алатын қағаз сүлгімен орап қойыңыз. Және де сарымсақ тураған тақтай мен пышақтағы иістен арылу үшін тұзбен сүрткені дұрыс болады. 

Ас үйдегі балық иісі

Балық жегенді бәріміз жақсы көреміз. Алайда, оның иісі ас үйде жағымсыз иіс орнатуы мүмкін. Пышақ, ыдыс-аяқтар мен ас құралдарынан балықтың иісін арылту үшін оларды май немесе лимон қабығымен сүртіңіз. Иіс әп-сәтте жоқ болады. 

Термос

Термостан шығатын жағымсыз иістен арылу үшін оған тәтті су қосып, су тола кәстрөлге қойамыз. Кәстрөлді біршама уақыт үздіксіз қайнату қажет. Термостағы суды төгіп, оны салқын сумен шаямыз және құрғатамыз.

Таба (сковородка)

Табадағы балық қуырған соң немесе күйген майдың иісінен арылуға болады. Ол үшін қызған табаны шәй жапырағымен немесе сірке суымен сүрту қажет. Лимон шырыны мен тұз қосылған қоспамен де сүртсе болады.

Тоңазытқыштағы иіс

Біз тұтынатын барлық өнімдерді тоңазытқышта сақтаймыз. Одан шығатын жағымсыз иіс тамаққа сіңуі әбден мүмкін. Жағымсыз иістен арылу үшін тоңазытқышты жақсылап жуып, оның сөрелеріне соданы немесе лимон тілімдері салынған контейнерды салып қоямыз. Қара нанның тілімдері де иістен арылуға көмектеседі. Тоңазытқыштан жағымсыз иіс шықпауы үшін оны ай сайын уақытылы ас содасы қосылған сумен жуып тұру қажет.

Нан салғыштағы иіс

Нан қатып қалмасы үшін нан салығыштың тигізер пайдасы зор. Одан шығатын жағымсыз иістен арылу үшін оны сірке суымен жақсылап сүртіп, кептіреміз.

Егер сіз ас үйіңіздегі осы жағымсыз иістен арылғыңыз келсе оны уақытылы тазалап, хош иісті сеуіп қойыңыз. 

Имбирьдің коронавирусқа қарсы пайдасы бар ма?
Шәйнектегі қақты қалай тазартамыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу