Күйзелістен арылудың 8 әдісі
1. Көмек іздеңіз
Кейде өзіміз жанымыз қалаған істі жасауға уақыт таппай қаламыз немесе мүмкіндіктер болмай жатады. Күнделікті тіршілігіңіздегі ауыртпалықты жалғыз көтермей, көмекке жүргінгеніңіз жөн. Мысалы, бала күтуші жалдап, тазалаушы компанияның қызметтерін пайдаланыңыз. Өзіңіз тағам пісірудің орнына тапсырыс беріңіз. Бұл ХХІ ғасыр. Сондықтан да, бәрін қолмен жасаудың қажеті жоқ.
2. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз
Барлығы өте қарапайым: дұрыс тамақтану, ұйқы режимін сақтау, белсенділік және денсаулығыңызға күтіммен қарай күйзеліспен күресуге көмектеседі.
3. Эмоционалды күйіңізді бақылаңыз
Адам темір емес: кейде адамға өзі көтере алмайтын ауыртпалықтар келіп, біраз қиындыққа тап болады. Егер де бойыңыздағы күштер сарқылып, өмір маған қуаныш сыйламайды деген тоқтамға келсеңіз, ешқашан қиындықпен күресе алмайсыз. Мұндай жағдайда психологқа барыңыз немесе жақындарыңызға мәселелеріңізді айтыңыз.
4. Қуат алатын күштерді уақытында толтырып тұрыңыз
Адамдармен үнемі байланыста болу және күнделікті ауыр жұмыс қаншалықты жігерлі болсаң да кейде жаныңды, тәніңді қажытады. Мұндай сәттерде демалудың жалғыз тәсілі еңбек демалысы деп ұғынады. Бұл күмәнді тәсіл. Егер сіз өзіңізге анда-санда ғана демалуға мүмкіндік берсеңіз күйзелістің қатары артып, күш-қуатыңыз таусыла бастайды. Нәтижесінде денеңіз бен миыңызда физикалық және психикалық ауру түрі пайда болады. Сондықтан, өзіңізге уақытылы демалыс арнап үйреніңіз.
5. Өзіңізді тәртіпке келтіріңіз
Күйзеліс өзгелерден қалыспас үшін, қолдан келмейтін іске барып, бірқатар мақсаттарға қол созуымыздан туындайды. Нәтижесінде күнделікті жұмыс біздің өзіне жақындатып, мақсаттарымыз алшақтай береді. Мұндайда өзін-өзі тәрбиелеу жұмысыңыздың нәтижесін береді. Егер сіз өз уақытыңызды басқаруды үйреніп, жоспар құрып, оларды ұстансаңыз күйзеліс азаяды. Нәтижесінде сізжүйелі түрде алға ұмтылып, тұрмыстық мәселелерді оңай шеше алатын боласыз. Егер сіз бірдеңеге қол жеткізгіңіз келсе, оның жолында бір затыңызды құрбан етуіңіз керек.
6. Еңбек демалысын алу
Қанша ауырып тұрсаңыз да жұмыс жасай беру ұқыптылық. Мұндай адамдар ауруын әріптестеріне жұқтырып қана қоймай, өзі де айықпас жертке шалдығуы мүмкін. Аурудың ағза үшін зияны мол екенін, ол күйзеліске ұшыраудың тура жолы екендігін көбісі түсіне бермейді. Егер сіз кенеттен сырқаттанып қалсаңыз демалыс алыңыз. Жұмыс күтеді, ал денсаулық сіз үшін өмір сүрудің басты қайнары.
7. Көп ойланбаңыз
Тәжірибе көрсеткендей көп ойға шомбайтын адамдар жетістікке көп жетеді. Егер сіз ойланып жағымды және жағымсыз жақтарын анықтасаңыз өз бәсекелестеріңізді басып оза аласыз. Мұндай адамдардың іс-әрекеті идеалды болмауы мүмкін, алайдаолар тез тәжірибе жинайды. Көп ойланудан гөрі, көп әрекеттенуге тырысыңыз.
8. Ләззат алу
Көбіне қөмірден ләззат пен бақыт және қуанышты сәттерді көбірек алуға тырысыңыз. Ұзақ жылдар еңбек етіп, үйлі баранды болып, бала-шаға, немере тәрбиелеудің өзі жан ләззаты. Күйзеліске қарсы тұра алатын адамдар, өмірден керегән алады. Өмірден рахат алу үшінерекше адамдар мен жағдайлардың қажеті жоқ. Тек ақшаңыздың болғаны жеткілікті.