Қызғалдақты үйде өсіру үшін

Oinet.kz 18-10-2019 895

Қызғалдақ (тюльпан) – көктемнің символы тәрізді.  Көктемнің алғашқы мерекесімен жарыса келетін қызғалдақты көше бойындағы гүл сатушылардың дүкенінен таба аласыз. Ал оны бүкіл қыз баласы жақсы көреді. Анаңыз бен әпкеңіз, қарындасыңыз, тіпті жақсы көретін қызыңыз үшін өз қолыңызбен үйіңізде қызғалдақ өсіру, оны сыйлау керемет емес пе? Ендеше қызғалдақты өсіру мен баптау жөнінде кеңінен сөз қозғамақпыз. Қызғалдақтың жақсы өсуі үшін температураның маңызы зор. Ол 2 кезеңнен: жоғары, содан кейін төмен температурамен әсер етуден тұрады. Жоғары температурамен (23-25°С) орта аймақ жағдайында сақталатын кезден бастап, тамыздың 10-15 не дейін әсер етеді. Егер баданалар ерте яғни, қаңтарда өсіруге арналған болса, онда оларды 1 апта бойы температурасы 34°С жерде ұстау керек, сонда гүл бүршіктері тез қалыптасады. Ал тамыздың ортасынан бастап баданаларды басқа температурасы 9°С жерге қою керек. 

image.png

Гүл сабағының қалыпты дамуына аса қажетті шарт – төмен температура. Егер өсімдік өте кеш (мамырда) өсіруге арналған болса, оларды қазып алынғаннан кейін қыркүйек айына дейін температурасы 23°С-та сақтап, содан соң қазан айына дейін температурасы 17°С-та ұстау керек. Отырғызуға арналған баданалар бүтін, ауруға шалдықпаған, қабығы жақсы (механикалық зақымға ұшырамаған), домалақ, 4-5 артық жапырақшасы болуы тиіс. Мөлшері диаметрі бойынша 3,5 сантиметрден кем болмауы, салмағы 30 грамм және одан артық болуы керек. Қызғалдақ гүлін отырғызу үшін өзеннің таза құмы, шымтезек, құм мен шемтезектің қоспасы, өзен құмы мен топырағының қоспасы субстрат бола алады. Субстратта қоректік заттардың болуы, баданалардың жақсы сақталуына ықпалын тигізеді. Оларды салқын бөлмеден үйге немесе жылыжайға әкелгеннен кейін 10-12 күн өткен соң, 10 литр суға 40 грамм калий сульфатын және 20 грамм аммиак селитрасын қосып оларды қоректендіруге болады. 1 ыдысқа гүлдің 1 түрін ғана отырғызған дұрыс. Ыдыстың 3/2 дейін дайындап алған топырақты салып, арасын 1,5-2 сантиметр етіп отырғызады. Одан соң бетіне топырақты толтырып салады. Содан соң баданаларды жақсылап суарып, температурасы 5-9°С  қараңғы, ылғалы мол жерге қойып, аптасына 2 рет суарып отырады. Өсімдік 16-22 аптада (сұрпына қарай) тамыр жайып, өсіп шығады. Өскіндердің биіктігі 5-7 сантиметр жетіп, олардың төменгі жағында шанақтары қолға білінетін болғанда ғана өсімдікті бөлмеге немесе жылыжайға алып келуге болады. Әдетте гүлдеуге 3 апта қалғанда осылай өтеді. Тамыр салған қызғалдақтары бар ыдыстарды температурасы 15-20°С  бөлмеге кіргізу керек. Сабақтары ұзын болуы үшін алғашқы 3-4 күн өсімдікті қара қағаздан жасалған қалпақтың астына қояды. Өскіндерге күніне 2-3 рет жылы су бүркіп тұрса (жапырақтары ашылғанша) олардың өсуі мен гүлденуі тездейді. Ауаның ылғалдылығы ұдайы жоғары болуы тиіс. Үйде қызғалдақтар отырғызылған құмыралардың қасына су құйылған жайпақ ыдыс қоюға болады. Шанақтары түсе бастағанда, өсімдікті салқындау жерге (терезе алдына әйнекке таман) қою керек. Бұл гүлдеу уақытын ұзартады. Өсімдікті жапырақтары қурап қалғанша суару керек те, содан соң суаруды тоқтатады. Өсіруге арналған қызғалдақ сұрыптары тамыр жаю кезінде баданаларын салқындату ұзақтығын қажет етуіне қарай бөлінеді. Олардың көпшілігі үшін бұл мерзім 16-29 апта, мұның өзі ақпан-наурызда гүлдейтін өсімдіктер алу үшін жеткілікті. 

Ерте өсіріп шығару үшін салқындату мерзімі 16 апталық, яғни ерте гүлдейтін сұрыптарды ғана пайдалану керек. Ерте өсіріп шығару үшін Бриллиант Стар, Диксис Фейворит, Кристмас, Марвел, Пинк Трофи, Эприкот Бьюти, Хиберния сұрыптары жарамды. Ал ақпан-наурызда өсіріп шығару үшін Блиццард, Дипломат, Лондон, Ольга, Рихтер, Проминенс, Оксфорд, Сноу Стар, Эмми Пинк сұрыптарын пайдалануға болады. Кеш өсіріп шығару үшін Альбури, Лефебрс Фейворитті егуге болады. Қызғалдақты өсіру кезінде басты ережелер сақталмаса, «соқыр» деп аталатын шанақтар шығып кетуі мүмкін. Кейде өзегінің шіритіндігі байқалады. Сонымен қатар гүл сидамдарының солуы мүмкін. Бұл топыраққа кальций жетіспегенде пайда болатын ауру. Бұл үшін кальций нитратының 1,5% ерітіндісімен суарса немесе гүлді отырғызу алдында топыраққа кальций тыңайтқыштарын қосса, мұндайға жол бермеуге болады. Гүлдің мезгілсіз реңденуі – тамырын дұрыс жаймағандығының белгісі. Қызғалдақ аурулары Қызғалдақтар зең, бактериялық және вирус ауруларымен ауырады. Зең ауруына жататын «қоңыр шірік» өсімдіктің жер үстіндегі бөлігі мен баданасын зақымдайды. Зақымданған жерлері қарайып, суланып тұратын сарықоңыр, аздап ойыстанған жерлер пайда болады. Өсімдіктің зақымданған бөлігінің қисайып кетуі де бұл ауруға тән белгі болып табылады. Сонымен қатар баданалар дамымайды. Гүлдің өсіп-жетілуінің барлық кезеңінде осы ауруға шалдығады.  Бұл ауруға ылғалдың шамадан тыс көп болуы, жарықтың жеткіліксіз болуы, ауаның төмен температурасы, азот қорегінің шамадан артып кетуі, өсімдіктің жиі отырғызылуы ықпал етеді. Аурумен күресу шаралары: баданаларды сақтауға қояр алдында өңдеуден өткізу керек. Яғни өсімдіктерді 1-2 рет өскіндер пайда бола бастағанда және гүлдеген соң бірден өңдеу қажет. ол үшін коллидты күкірттің 1,5% суспензиясы, эупореннің 0,5-1,0% ерітіндісі қолданылады.
Дереккөз: massaget.kz

Жемқорлықты қалай жеңуге болады?
Баланы қалай дұрыс мақтау керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу