Тез әрі таза етіп үй жинау әдісі

Oinet.kz 02-05-2019 1125

Үйдің таза болғанын  қай-қайсымыз да  жақсы көретініміз рас, дегенмен, үй жинауға деген құштарлықтың ылғи артып тұрмайтыны рас. Сондықтан да әркезде  үй жинар алдында «қалай барлығын таза әрі тез жинауға болады?» деген ой мазалайды.  

пәтер.jpg

1. Ең бастысы, процессті бастаңыз. Қай істің болмасын бастауы қиындық тудырады. Үйдің айнадай жарқырап тұрғанын елестетіңіз де орныңыздан тұрып, үй жинауға кірісіңіз! 2. Өзің жалғыз жинағаннан гөрі, барлықтарыңыз бірігіп жасаған қызықтырақ. Әрбіреуіңіз  тапсырма бөліп алсаңыз, тез үй жинап шығуға болады. Осылайша үй жинауды апта сайынғы жақсы бір дәстүрге айналдыруға болады. 3. Ұсақ-түйекпен айналыспай тұрып, алдымен, үйдегі көзге көрініп, шашылып тұрған орындарды жинастырып алыңыз. 4. Міндетті түрде есік-терезе, айналарды тазалап алыңыз, ал үйіңіз әп-сәтте жарқырап шыға келеді. 

5. Көңілді әуен қойып қойыңыз, қалай жылдам жинап тастағаныңызды өзіңізде байқамай қаласыз.  6. Тез жұмысты аяқтау үшін алдыңызға мақсат қойыңыз. Мәселен, бір сағатқа таймер жүргіңіз. Уақытпен жұмыс істеп үйренсеңіз, келесі де оданда жылдам жасауға дағдыланасыз.  7. Үйдегі зат аз болған сайын жинау да тез болады. Сондықтан, үйдегі артық қоқыстан арылыңыз да керек емес заттарды жинай бермеуге тырысыңыз.  8. Тазалық үшін қажетті құралдарыңыз қасыңызда болсын. Олардың көмегімен уақыт кетірмей мұнтаздай етуге болады. 9. Бірнеше жұмысты қатар алып үйреніңіз. Кірлерді машинаға салып, қосып қойып, оған шейін ыдыстарды жуа беріңіз.  10. Күнделікті жинап отырыңыз. Егер үстел үсті, теледидар, компьютер шаң болып кетсе сол сәтте сүртіп алыңыз, бастысы, нені болмасын кейінге қалдырмай, бірден артыңыздан жинап жүргеніңіз жөн.  

Дереккөз: anabol.kz

Бақыттан да маңызды не бар?
Әйел ағзасына аса пайдалы тағамдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу