Ел жаңа Хюрремді жақтырмай жатыр

Oinet.kz 13-01-2014 1035

Түріктің «Сүлеймен сұлтан» сериалындағы Хюррем рөлін сомдаушы жаңа актриса көрермен қауымның көңілінен шықпай отыр, деп хабарлайды Lite.BNews.kz.

хюрем.jpg

Танымал сериалдың төртінші маусымында Хюррем сұлтанның рөлін Мерием Үзерлиден жас шамасы әлдеқайда үлкен түрік актрисасы Вахиде Гердюм сомдап жатыр. Сериал табынушылары жаңа рөлге бекітілген актрисаны сынға алып, «өзі көріксіз екен, әрі тым кәрі көрінеді, актерлік шеберлігі де төмендеу» деп, қабылдамапты.

Бұған қарамастан актриса жұрттың көңілінен шығу үшін барын салмақ. Ол: «Әрине, мен Мерием сияқты 29 жаста емеспін. Осыдан 20 жыл бұрын мен де сондай ажарлы болғанмын. Дегенмен, уақыт өзінікін алады. Бірақ мен мойныма алған маңызды тапсырманы орындауға міндеттімін. Ол үшін аянып қалмаймын», – дейді.

Телехикаяның алғашқы сериясынан бастап Хюрремді сомдаған Мерием Үзерлиге көрермендердің көзі үйреніп қалғаны белгілі. Алайда, актриса жобаға әрі қарай қатысудан бас тартты. Оның сериалдан кету себебін жұрт сан-саққа жүгіртті. Қайтып келеді деген де қауесет болды. Бірақ «нағыз Хюррем» қайтып оралмады.

Баланың өтірігінің алдын алуға бола ма?
Шаш үлгісіне арналған құралдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу