Ерін күтімі: Дұрыс бояу
28-08-2020
Біз балаларымыздың дені сау болып өскенін қалаймыз. Бүлдіршіндердің дені сау болып өсу үшін салауатты өмір салтына бейімдеп өсіргеніңіз дұрыс. 21 күннің ішінде кез-келген организм үйреніп кетеді. Дұрыс тамақтану баланың өсуі мен дамуына әсер ететін негізгі фактор болып табылады. «Қазір аналары балаларының ыңғайына көніп қалаған тамағын немесе тәттісін әперуге дайын тұрады. Тек қана баласы мазасын алмаса болғаны». Бүлдіршін кішкентай кезінде дұрыс тамақтандырудың зияны немесе пайдасы өсе келе байқалады. Яғни сәби кезінде қоректенген тамақтары себебінен баланың кейінгі жастағы тағамға деген қызығушылығы қалыптасады. Тамақтану дағдысы да маңызды болып саналады.
Педиатр дәрігер ұсынады: Жас аналар бес негізгі принцепті сақтап жүргені абзал.
Біріншіден, тамақтану режимі. Балаңызды күнделікті бір уақытта тамақтандыруды қолға алыңыз. Оған қоса бір уақытта ұйықтап тұруын да қадағалаған абзал. Режим баланың организміне, көңіл күйіне оң әсер етіп, баланың дені сау болып өседі.
Екіншіден, азық түрін таңдау. Яғни сәбиіңізге беретін тағамдардың тағамдық құндылықтары мен құрамына көңіл бөліңіз. Құрамында ақуызы , күрделі көмірсутектер мен қанықпаған майлары бар азық түрлерін және көкөністер мен жеміс-жидектерді пайдаланғаныңыз дұрыс.
Үшіншіден, бірқатар зерттеулердің барысында таңертеңгі аш қарынға жасаған жаттығулар адамға энергия беріп, төзімділігін арттыратыны анықталды. Сондықтан күнделікті жаттығулармен айналысуды әдетке айналдырыңыз.
Төртіншіден, тамақтану ұзақтығы. Бала қашан тамақтанып болғанын өзі шешеді. Оны асықтыруға немесе тағы да тамақ жеуге мәжбірлеуге болмайды. Баланың тамақтану ұзақтығына басқалардың араласуы, ықпал етуі бала ағзасындағы зат алмасудың бұзылуына әкеліп соғады. Бесіншіден, балаңызға дұрыс мысал көрсетіңіз. Балалары ата-аналарынан көргенін істейді. Ата-анасы дұрыс тамақтанатын болса балалары да салауатты өмір салтын ұстанатын болады.
Міне осы негізгі принциптерді ұстанатын отбасында балаларының дені сау болып өседі.