8 Наурыз: Қай өңір, қандай сыйлық жасайды?

Oinet.kz 06-03-2025 142

Бірнеше өңірде әйелдерге 8 наурызға орай ақшалай төлемдер беріледі, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_7.jpg

Астаналық әйелдерге 8 наурызға орай 9830 теңгеден беріледі. Төлем көпбалалы отбасыларға, көпбалалы аналарға, оның ішінде Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын әлеуметтік аз қамтылған аналарға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әлеуметтік төлемдер орталығының тізімдері негізінде жүзеге асырылады.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 8 наурызға орай әлеуметтік төлемдер қарастырылмаған. 

Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне сәйкес, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері, «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға 5 АЕК – 19 660 теңге мөлшерінде бір реттік әлеуметтік төлем жасалады. 

Ал облыстарда нәзік жандыларға жасалатын сыйлықтың көлемі әртүрлі. Соның ішінде Түркістан облысында мереке қарсаңында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көпбалалы аналарға бір реттік көмек қарастырылмақ. Аудандық және қалалық бюджет есебінен жалпы 63 мыңнан астам адамға 484,8 млн теңгеге жуық қаржы қаралып, орташа есеппен 7864 теңгеден біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

ҚҚС көтерілуіне байланысты жалақы мен жәрдемақы да өсе ме?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу