Тоқаев Үкіметтің салық реформасын мақұлдады

Oinet.kz 28-01-2025 183

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің салық реформасын мақұлдады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

"Қоғам мен халыққа әлеуметтік салықты түсіндіру қажет. ...Бәрін талқылап, осы реформаны қалай жүзеге асыру керек екенін ойластыру қажет. Жалпы реформа қажет, мен бұл реформаны мақұлдаймын. Алайда талқылау, зерттеу қажет. Сондықтан қазір Мәжілісте жаңа Салық кодексінің жобасы қаралып жатыр", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент бәрін жан-жақты ойластыруды тапсырды.

"2025 жылы ең алдымен Салық және Бюджет кодекстеріне назар аудару қажет. Жалпы реформа қажет екенін растаймын. Бірақ қазір алдымызда Ұлттық қордан түсетін трансферттерді азайту, оның жинақ ретіндегі қызметін күшейту міндеті тұр. Жинақталған қаражатты ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағыттауға болады, бұл - басымдық", - деді Президент.

ҚҚС-тың күрт өсуі бизнестің тұралауына әкеп соғады - депутат
ҚҚС көтерілуіне байланысты жалақы мен жәрдемақы да өсе ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу