Алғашқы кәсіпорындардың бірегейі

Oinet.kz 19-11-2024 205

   image.png  

Сайрамдық жартылай винилхлоридтік (ЖВХ) құбыр өндіруші «Еврокод» компаниясы -   осы өңірдегі өз саласындағы алғашқы кәсіпорындардың бірегейі. Компанияға 2015 жылы неміс өндірушілерінің озық технологиялы құрылғысын – ЖВХЕ 400 мм экструздік тізбекті, бұранда кескіш, белдек пен пневматикалық куттерді сатып алу үшін 190,0 миллион  теңге несие алуға тура келді. Несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 14 пайыз  болса, оның 10 пайызы  мемлекеттік бағдарлама аясында «Даму» қоры төледі. Серіктес-банк рөлін «Сбербанк» АҚ атқарды . Бүгінгі таңда компания неміс өндірушілерінің заманауи құрылғысының арқасында айына 600 тоннадан аса ЖВХ құбырын өңдеп шығарады. Кәсіпорында 30-дан аса адам жұмыс істейді. Алғашқыда жаңа іске жатсына қарағанымен қазір кәсіпорын ұжымы тәжірибе жинақтап, өндірісті даңғыл жолға қоя білді. 

« Біз өндіретін өнімнің сапасы жоғары, берік те төзімді. Өнім сапасы көптеген факторларға тәуелді, оның ішінде ең негізгісі қолданылатын шикізаттың сапасы мен оны жасап шығаратын құрылғыға байланысты. Кәсіпорын шикізатты Германиядан, Ресейден және Қытайдан сатып алады.Германдық құрылғымен жабдықталған өндіріс үдерісі ретке келтірілген. Өнім жоғары деңгейдегі стандартқа сәйкес, сенімді өрт қауіпсіздігімен және қоршаған ортаға зиянсыздығымен ерекшеленеді. Құбырлар әртүрлі қышқыл мен тот басу сияқты сыртқы әсерлерге ұшырамайды. Кәсіпорын шығарған өнім өндірістік және тұрмыстық салаларда кеңінен пайдаланылады. Әзірге кәсіпорын еліміздегі оңтүстік аймақтардың нарығына шығуды жоспарлауда. Мемлекеттің және «Даму» қорының тарапынан қолдау арқылы біз 190,0 миллион  теңге соммасында несие алдық. Оның жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4 пайызды құрайды. Бұл деген біз үшін өте тиімді және соның арқасында біз жоғары сапалы ЖВХ құбырларының өндірісін іске қоса алдық», – дейді компания басшылары. Бір сөзбен айтқанда, бизнесті қолдау мен дамытуды көздеген «Даму» қоры мемлекет тарапынан қаржылай және өзге де қолдау құралдарын қосатын бірегей жүйені ұсынып келеді. Соның арқасында Сайрам ауданында  көптеген жаңа кәсіпорындар ашылуда. Бұл бағдарлама бойынша өз ісін ашқалы жүрген немесе бизнесін кеңейтіп жатқан кәсіпкер несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялай алады. Несие бойынша біртіндеп кепілдендіруді не болмаса инженерлік байланыстар жүргізеді. Бағдарлама қаражаты есебінен мамандар оқытылады және ұқсас, салалас кәсіпорындарда тағылымдамадан өту үшін шет елге бара алады. Сонымен қатар басқару саласында, халықаралық нарықтарда мол тәжірибесі бар мамандар қайтарымсыз негізде құрылғының жұмысын реттеп және онымен жұмыс істеуді қызметкерлерге үйретеді. Сол сияқты бизнесті жүргізу, тиімді бизнес-үрдістерді жасау, тауар және қызметтерді өткізу бойынша шетелден аға сарапшыларды шақыруға болады.Бұның бәрі мемлекеттік бағдарлама аясында елімізде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Шағын және орта бизнесті дамыта отырып жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік жасалады. Осы бағдарлама мүмкіндіктерін ұтымды пай¬даланған Оңтүстік өңірде бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда.

   Ауданның беткеұстар кәсіпорын жылына 18 мың тоннаға дейін өнім өндіреді. Ерекшелігі еліміз бойынша тек осы кәсіпорын 400 миллиметрдік поливинилхлорид құбырын дайындайды. Аталған өнім жылыту жүйесін орнатуда, күрделі инженерлік жүйелер салуда таптырмайтын материал. Сондықтан оған еліміз бойынша сұраныс жоғары. Пластиктің әлемде жалпы 600 түрі болса, аталған зауытта оның екі түрінен өнім шығарады. Яғни поливинилхлорид пен төменгі қысымды полиэтилен, Шикізат Өзбекстан , Оңтсүтік Корея, Түркіменстан, Иран мен Ресейден әкелінеді. Одан мұнда түрлі өлшемдегі құбырлар шығарылады. Дайын өнім метал құбырға анағұрлым арзан, берік, жеңіл әрі қарапайым  монтаждалып, ұзаққа жарайды. 

«ВНД құбырлардың 20 түрін шығарамыз. ПВХ құбырлардан 5 түрін шығарамыз. Полиэтиленді құбырлар көгілдір отынға, суға қолданылса, ал ПВХ құбырлары скважинаға қолданылады »,- дейді зауыттың өндіріс жөніндегі директоры Дильшат Азимов. 

Полиэтиленнен жасалған қысымды құбырлар металлға қарағанда артықшылықтарға ие: полиэтилен құбырының ішінде қатып қалған су оған зиян тигізбейді; құбыр тартылған үйді отырғызу металл құбырдың бұзылуына әкеледі, ал полиэтилен өзінің қасиеттерін жоғалтпай 7 %-ға дейін созыла алады; полиэтилен қысымды құбырлар токсикологиялық және бактериологиялық қауіпсіз; қызмет көрсету оңай (полиэтилен құбырлары оңай ауыстырылады); полиэтилен қысымды құбырлар қауіпті жүктер санатына жатпайды. герметикалығы - жылу дәнекерлеу арқылы жасалған қосылыстардың арқасында құбыр жүйелері біртекті және монолитті; агрессивті топырақтың әсеріне төзімділік; жоғары деформациялық төзімділік іс жүзінде төмен температурада құбырлардың бұзылуын болдырмайды; тасымалдау және монтаждау үшін ПНД-ден берік және жеңіл құбырлар ауыр жабдықты қажет етпейді; ПНД құбырларды пайдалану температурасы (+60° С) (-50 °С); Құбырлардың түсі қара, біртекті. Шығарылатын құбырлардың сыртқы диаметрі 10 - нан 1 000 мм-ге дейін.Тік кесінділерде шығарылатын құбырлар (тұтынушының келісімі бойынша 6-дан 12 м-ге дейін) пакеттерге буып-түйіледі. Диаметрі 110 мм-ден аспайтын құбырлар 100-ден 2000 м-ге дейінгі айлақтарда дайындалады.

Зауыт 3 гектар аумақты алып жатыр. Құбыр шығару процесі толық автоматтандырылған. Өндірісте тек заманауи неміс технологиясы қолданылады. Оны меңгерген 35 жергілікті тұрғын осы жерде 3 ауысымда жұмыс істеп жатыр. Қазір кәсіпорынның жылдық тауар айналымы 4 миллиард теңгені құрап отыр. 

Сабын өндірісін дамытып отыр
Тыңнан түрен салған жігіт
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу