Түркістан облысында Жамбыл ауылдық округінің әкімі өз орнын сақтап қалды

Oinet.kz 18-11-2024 10

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ауылдық округ әкімдерінің сайлауы ел көлемінде өз жалғасын тауып келеді. Соның бірі 10 қараша күні Түркістан облысы Келес ауданы Жамбыл мен Ошақты ауылдық округтерінде өтті. 

Screenshot_3.jpg

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ермекбай Отешовтың айтуынша, екі ауылдық округ бойынша барлығы 6 кандидат тіркелген. Олардың екеуі партия тарапынан ұсынылса, төртеуі өзін-өзі ұсынғандар. 

Ал 10 қарашада Жамбыл ауылдық округінде тағайындалған сайлауға үш кандидат тіркелген болатын. Оның бірі – осы округтің бұрынғы әкімі Талғат Аманкелдіұлы Байдуллаев. Екінші үміткердің есімі Ғалымжан Өнербайұлы Бижигитов. 34 жастағы ол Келес ауданы әкім аппаратының заң бөлімшесінің бас инспекторы. Үшінші кандидат 1969 жылы дүниеге келген, Абай ауылы әкімінің орынбасары Нұрлан Амангелдіұлы Умирбаев.

Ошақты ауылдық округінің әкімі лауазымына тіркелген кандидаттың бірі, өзін-өзі ұсынған 38 жастағы Ошақты ауылдық округі әкімі аппаратының әкім кеңесшісі Берік Ахпанұлы Алшынбаев. Екіншісі 36 жастағы Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман есепшісі Елдос Нурдиллаевич Карынбаев. Үшінші кандидат – Amanat партиясы сенім білдірген 33 жастағы Келес ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімше басшысы Максат Кулахметұлы Мырзамұратов.

- Президент тапсырмасына байланысты сайлау жүйесіне 2022 жылы өткен референдумда көптеген жаңашылдық енгізілді. Әлбетте, кез келген саяси жаңғырудың басты мақсаты азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру екені тү¬сінікті. Бұл бағытта атқарылған жұмыс аз емес. Президентіміздің жыл сайынғы Жолдаулары, саяси саладағы өзгерістер, Үкіметке жүктелген тапсырмалар – бәрі де «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында елге қызмет көрсетуші мемлекет орнықтыру міндетінен туындап отырғаны айдан анық. Жыл басында Президентіміз айтқандай, өткен жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Біздің ауданда да ауылдық округтің әкімдерін халық өздері сайлауда. Шын мәнінде үлкен өзгерістің басы болған ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасып келеді. 2021 жылы басталған бұл науқан елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси реформаларға тың серпін беріп, тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашты, - дейді комиссия төрағасы Ермекбай Отешов.

Сонымен 2024 жылғы 10 қарашада Келес ауданы Жамбыл мен Ошақты ауылдық округтері әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті. Сайлау қарсаңында екі округтен бір-бір кандидат өз өтініші бойынша сайлауға қатысудан бас тартты. Сөйтіп сайлау бюллетенінде екі округте бір-бір кандидаттан алынып екі-екі ден кандидат қалды.

Сөйтіп Келес аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Келес ауданының ауылдары, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Жамбыл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі сайлаушылар тізіміне енгізілген 1610 азаматтың сайлауға 1243-і қатысып, дауыс берді. Дауыс санау барысында 28 бюллетень жарамсыз деп танылды. Ал әр кандидат үшін берілген дауыстар саны, атап айтқанда, округтің бұрынғы әкімі Талғат Аманкелдіұлы Байдуллаев сайлаушылардың 1070 дауысын жинаса, Нұрлан Амангелдіұлы Умирбаев 145 дауыс иеленді. Сөйтіп, Жамбыл ауылдық округінің әкімі болып Amanat партиясы ұсынған 51 жастағы Байдуллаев Талгат Аманкелдіұлы сайланды. 

Ал Ошақты ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген 7830 азаматтың 5176-ы өз таңдауын жасаған. Дауыс санау барысында мұнда 58 бюллетень жарамсыз деп танылса, «Барлығына қарсы» жолында белгі қалдырған 66 бюллетень анықталды. Дегенмен сайлау қорытында үміткердің бірі – Елдос Нурдиллаевич Карынбаев сайлаушылардың 394 дауысына ие болса, Максат Кулахметұлы Мырзамұратов 4658 дауыс жинап, жеңіске жетті. Сөнымен Ошақты ауылдық округінің әкімі болып, Amanat партиясы сенім білдірген 33 жастағы Келес ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімше басшысы Максат Кулахметұлы Мырзамұратов сайланды. 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ермекбай Отешовтың айтуынша, Жамбыл мен Ошақты ауылдық округінің жаңа сайланған әкімдері аудан әкімі аппаратында көпшілікке таныстырылып, қызметтік куәліктері салтанатты жағдайда тапсырылған. 

Шығыс Қазақстан облысында Amanat партиясы ұсынған қос кандидат екі округте жеңіске жетті
Түркістан облысында өзін-өзі ұсынған өнер адамы Үшқайық ауыл округінде әкім болып сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу