Диірменде робот жұмыс істейді

Oinet.kz 07-11-2024 244

image.png

«Даму» қоры осы бір жыл ішінде Түркістан облысындағы 843  жобаға 61 миллиард теңге өнімге қаржылай қолдау көрсеткен. Бұл туралы жауаптылар облыс төңірегінде өткен баспасөз жиынында мәлімдеді. Одан әрмен қарай олар «Даму» қоры арқылы субсидияланған кәсіпорындарды аралады. 

Кәсіпкер банктен несие алады. Ал оның пайыздық мөлшерлемесін «Даму» қоры субсидиялайды. Осындай қолдау алған кәсіпорынның бірі Сайрам ауданында орналасқан «Асыл ЛТД». Кәсіпорын 2002 жылы құрылған. «Диханбаба нан»  атауымен  танылған бренді бүгінде көптің сұранысында. Сапалы ұнды тұтынуға өз елімізден бөлек тіпті шетелдіктер де таласып отыр. 

«Кәсіпорынның негізін қалаушы біздің әкеміз Асыл Елубайұлы. Ол кісі басында бидай және ұн сатумен айналысқан. 2009 жылдан бастап өзінің өнеркәсібін жүргізуді, яни диірмен ашуға шешім қабылдаған. Алғашқы диірменіміз 2009 жылы Сарыағаш қаласында ашылды. Ал 2013 жылы 300 тонналық ұн шығаратын зауытты Сайрам ауданында аштық»,- дейді  «Асыл ЛТД»  директоры Динара Асылқызы. 

Компания айналым қаражатын толықтыру мақсатында банк арқылы несие алып, оның пайыздық мөлшерлемесі «Даму» қоры арқылы субсидияланған. Ал бұл отандық өнімді нарыққа шығарып отырған компания үшін зор үлесін тигізіпті. 

«Субсидиялау құралы аясында біз 47 миллиард 363 жобаға, кепілдендіру бойынша 266 жобаға 12 миллиардқа және одан бөлек қаржы ұйымдарына жеңілдетілген несие береміз. Ол несиені әрі қарай кәсіпкерлерге қаржы ұйымдары аз пайызбен береді. Ол бойынша екі жарым миллиардқа жалпы 214 жобаға қолдау көрсетілді»,- дейді облыстық «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ аймақтық филиалының директоры Мұғазан Қаңлыбаев.  

Диірменнен жоғары және екінші сорттағы ұн өнімдері шығады. Ұнды наубайхана мен кондитерлік өнеркәсіп тұтынады. Сонымен қатар кеспе, макаронсекілді өнімдерге де пайдалануға болады. Кәсіпорын тәулігіне 300  тонна  бидай өңдейді. Өнім сапалы болуы үшін бидай дақылын Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан әкеледі. 

«Еліміздің Солтүстік және Түркістан облыстарынан бидай жеткіземіз. Ол жақта өзіміздің қызметкерлер бар. Бидайды таңдап, жеткізіп береді. Одан кейін келген бидайды міндетті түрде өзіміздің зертханамызда тексеруден өткізіп барып өндіріске жеткіземіз»,- дейді «Асыл ЛТД»  коммерциялық директоры Нұрғали Мәуленов.

  Кәсіпорын заман ағымымен дамып келеді. Қазір мұнда Германиядан әкелітген роботтар іске қосылған. Құрылғы 6 адамның жұмысын алмастырып отыр. Диірменнен бір күнде шығатын 4, 4,5 мың қап өнімді жалғыз өзі тией береді.   

200 түрлі өнім шығарады
Жеке инвесторлармен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу