200 түрлі өнім шығарады

Oinet.kz 25-10-2024 46

image.png

Сайрам ауданындағы кәсіпорын 200 түрлі консервіленген өнім шығарады. Оған қажетті шикізат Оңтүстік өңірлері мен Алматы облысына жеткізіледі. Бүгінге өнім еліміздің түкпір-түкпіріне сатылуда. Халық сұранысын қатмып отырған кәсіпорынға «Даму» қоры қажетті қөұрал-жабдықтарын субсидиялау арқылы көмектескен. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан:  заң мен тәртіп, экономикалық өсім,  қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының аясында жүзеге асуда. 

«Өнімдеріміздің географиясы Түркістан облысынан бастап Жамбыл, Алматы және Қазақстанның Солтүстік аймақтарына дейін таралады. Ия, әрине мелекет тарапынан қолдау аламыз. «Даму» қоры арқылы электр тиегіш алдық. Бұл өнімді цехтар арасында және қоймада тасымалдау жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетті. Өнім көлемі жыл мезгіліне байланысты өзнереді. Қыста аздап төмендеу болса жаз мезгілінде миллиондаған өнім бірліктеріне жетеді. Банкалар әртүрлі. 2 литрлік, 1 литрлік көлемдер бар. Тосаптар  үшін кіші банкалар да бар»,- дейді бақылау бөлімінің басшысы Сергей Сухинин. 

Ауданның беткетұтар кәсіпорындары
Диірменде робот жұмыс істейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу